Абылай ханның алғашқы алған бәйбішесі — қарауыл қызы. одан ұл жоқ, жалғыз қыз болды. ол қыз — Жамантай ханның шешесі. Онан соң қарақалпақ қызынан: Әділ сұлтан, Ешім сұлтан. Қабан қызы Хатиннан — Рүстем сұлтан. Қожа қызы Хатиннан: Қосым, Арық, Тоқ және қарауыл қызы қатынынан Шығай, Тағай, Сек, Аюке туған. Ол Аюкенің қызы Қалдан шереннің тоқалы еді. Мұнан туған — Торыш сұлу. Бұл Торыш сұлудан — Қасым хан. Көп баланың ішінде Абылайдан жауға шапқан Қасымның ұрпағы — Саржан, Кенесары, Наурызбай. Ең ақыры — Сыздық төре. Осы күнде Сырдария мызафатында, тірі. Жылы — қой, жетпіс бірде. Бұқарекең айтпап пе еді: «Ағар дария су кетпес, қалмақтан маһи бір зайып сүйегіңді жоғалтпас», — депті.
Топ төреден — Бірәлі төре, мұнан — Шалғынбай төре, Қарқаралыда аға сұлтан болады. Шама төреден: Боқсын, Есім, Қараша хан, Жәңгір, уатай, Досым, Саңрат, Есе хан, Сыздық төре. Қамбардың Жанақ ақынға айтқаны:
— Әбәйділдә, Аббастың елін жинап,
Бес жорғасын өлтірдік кесе байлап.
Ханнан алған сұлуым өліп қалып,
Қара күңмен келемін сорым қайнап.
Ол замандарда ақындарға жетім қызды бір шаян орнына береді екен. Көтеш ақын — о да жетімді көп алған кісі:
— Тінәлі Тышқанбайдан алдым жетім,
Қопаның өкпеледім көрмен бетін.
Малдыбайдан алғаным маңқа жирен,
Түбінде жалғыз таудың жедім етін. — дейді.
Осы Көтештің өлеңіне аты қосылған кісілердің тұқым-нәсілін сұрастырып қарасақ, Тінәлі Тышқанбай ұрпағы жақсы өніп, бай болып, қатарға қосылып жүр. Малдабай деген адам — малды байдың малды байы. Ол бірдей тозып, берекесі жоқ болып жүр. Уәли ханның тоқалы Айғанымнан — Көкшетаудағы Шыңғыс төре. Мұның бір Шоқан дейтін баласы қыршын күнінде өліп кетті. Бұл күнге дейін тірі жүргенде зор таяқ шығаратын ердің бірі еді. Бұл Абылайдың үрім-бұтағын таратып тегістеймін деушіге бір қап жан керек. Нұхтың өмірі, Ауыптың сабыры, қарынның байлығы керек деуші еді. Әділден — Нұралы, одан — Тезек төре, Шамадан уатай. Одан — Аймақ төре. Жәңгір балалары: Сартай, Абылхайыз, Самай, Матай. Халық аузында әңгіме болған сөзді сөйлеу керек. Жұрт білмейтінді айта бергенмен, дәнеме өнбейді. Абылай хан өлген соң Сары қазақ Сыбан, итқара сұлтан — Біртайдың осындай басты кісілері жойылып, уәли ханды хан көтереді.
Абылайдың «Қанды қарағай қан болды, жол болды» деп ат беруі
Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы (ІІ нұсқа)
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі