Соңғы 10 жылда балалар үйінің саны мен ондағы тәрбиеленушілер саны 2 есе азайған. Бұл ақпаратты ҚР Оқу-ағарту министрлігі бала құқықтарын қорғау комитеті жеткізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналды.
Үкімет кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу бойынша заңнамалық нормаларды әзірледі, бұл одан да көп баланы отбасылық қамқорлықпен қамтуға мүмкіндік береді.
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыты.
Бүгінде отбасылық орналастырудың 4 балама түрі бар:
- бала асырап алу;
- қорғаншылық (қамқоршылық);
- патронат;
- қабылдаушы отбасы.
Қазіргі күні 3 мыңнан аса бала 116 интернат ұйымында тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 10 жылда 7 мың бала өз отбасын тапты.
«Балалар үйінің азаюына интернат ұйымдарын деинституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім бала тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті», – деді бала құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Насымжан Оспанова.
Сонымен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған әр балаға колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға грант беріліп, шәкіртақы төленеді.
Олардың жұмысқа орналасу кезінде басым құқығы болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі