Асан деген бір кедей өтегеннен бір аттың майын сұрап мініп, алты-жеті жылдай бермей қашқақтап жүріпті. Бірде өтеген Асанды кездестіріп калады да, оны алып келуге жігіттерін жұмсайды. Жігіттер Асанды атымен басып ұстап, Өтеген мен Абылайдын алдына алып келеді:
Өтеген Абылайға:
— Мен бұл атты жиырма жорғамен бірге жоғалтып едім, тақсыр, әділдігін айтсаңыз, — дейді. Асан болса:
— Алдияр, мен жылқы ұрлаған жоқпын. Өтегеннің атының майын мініп едім. Бермей жүргеніме жеті жылдай болғаны рас. Мені нақақтан күйдірмеңіз. Әділ билігін айтыңыз, — деп шырылдайды.
Абылай Асанның сөзіне құлақ аспастан:
— Өтегеннің жиырма жылқысын алпыс жылқы етіп қайтарасың!, — дейді.
Хан жарлығы — біреу. Асан байғұс жылап-еңіреп еліне барып, ағайын-туғандарынан жылқы жинайды. Сөйтіп, алпыс жылқыны айдап Абылай мен өтегеннің алдына келеді.
Абылай Өтегеннен:
— Батырым, әділдігіме разысың ба? — деп сұрайды. Сонда Өтеген:
— Жоқ, риза емеспін. Ақ-қарасын айырмаған билікте әділдік жоқ. Мен сені тек сынайын деп едім. Ал сен болсаң, кедей байқұстың зарын тындамадың. Үкімді кісінің әріне қарап шығардың. «Майын мінген жылқым еді, нақақтан күйдірмеңіз» деген сөзін құлағыңа ілмедін, — дейді де Асанға:
— Сен майын мінген атты кедейлігіңнен бере алмай жүрген шығарсың. Бұл атты басы бүтін бердім, екі дүниеде сұрауы жоқ. Алып келген алпыс жылқынды да айдап ауылыңа қайта бер, — деп, Асанды еліне қайтарыпты.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі