Кітап жансыз - бірақ шынайы дос
Виктор Гюго
Қазіргі таңдағы статистика бойынша, жасөспірім балалардың кітапқа деген қызығушылығы күрт төмендемдеп кетті, соның салдарынан оқушылардың оқу сауаттылығының нашарлауына әкеліп соқты.
Біріншіден, қазіргі балаларға жаңа фарматтағы технологияның шығуы, бұрыңғы үйде шаң басып жатқан ауқымды кітаптардан қарағанда тартымдырақ болып көрінеді. Соның салдарынан, оқырмандар әр түрлі әлеуметтік желілерден өздеріне керекті қысқа ақпараттарын ғана алып, өкінішке орай, азғантаймен шектеледі.
Екіншіден, кітап оқып, өз тарапынан үлгілерімен бағыт беретін, балаларына кітапқа деген қызығушылығын осындай әдіспен арттыратын ата-аналар күннен күнге сиреп барада. Оған себеп- үлкендердің де әлеуметтік желіге көп мән беруі. «Тәрбие - отбасынан басталады» демекші, баланың да қызығушылығы оянбайды деген сөз.
Осы мәселені шешу үшін, мен жеке статистика жүргізбек болдым. Сол мақсатпен, сынып жетекшілерімен байланыса отырып, әр сыныптан мектеп лидерлерін анықтау арқылы топ ұйымдастырдым. Ұйыммнен келісе отырып, жоспар құрдық. Біздің бірінші мақсатымыз оқушылардың кітапқа және интернетке деген қызығушылығын сауалнама арқылы анықтау болды. Сауалнаманы оқушылар толтырып біткен соң, әр сынып лидері жинап алып оны сарапқа салды, содан соң барып жалпы анализ жасалынды. Қорытындылай келе, біздің мектептің 39% кітап оқуды ұнатады екен. Ал 61% оқушылар, өкінішке орай, көбінесе ұялы телефонда отырады деген нәтижеге келдік.
Біз біраз ой тұжырымдарды ортаға салып, бұл проблеманың шешу жолдарын қарастыра отырып, мектепте әртүрлі іс-шаралар жүргізу жоспарын құрдық.
Міне, «Жас оқырман» үйірмесінде « Кітап таңдауға көмектесеміз!» ұранымен жоспарлаған жұмысымызды да қызу түрде бастап кеттік. Бұл үйірмеде, мектеп оқушыларына, арнайы ұйым іріктеп, дайындап алып келген өте қызықты және талдауға тұрарлық кітаптар ұсынылды. Оқушыларға кітапты оқуға белгілі уақыт берілді. Келесі апта «Жас оқырман» үйірмесіне қатысатын оқушыларды бір топқа жиналып, әрқайсысы өз кітабынан оқыған қызықты сәттерімен бөлісті. Оқушы оқыған шығармасына баға беріп, «Ең үздік аннотация» конкурсын жариялап, жеңімпаздады мараппаттау рәсімін өткіздік. Осылайша, оқырмандардың қызығушылығын арттыра түстік.
Әр буын бойынша «Менің сүйікті кейіпкерім» атты эссе жазылып, нәтижесі бойынша жалпы бір ортақ кітапқа тоқталып, соның үзіндісін пьесса түрінде суреттеп көрсеттік. Балалардың шығармашылық шабытын көрермендер жоғары деңгейде бағалады, сонымен қатар, мектеп директоры тамаша қойылымдарды басқа мектептерге көрсетуге ұсыныс жасады.
«Ақындар әлемінен үзінді» мәнерлеп оқу конкурсы да өз жемісін көрсетіп, оқушылар облыстық, республикалық конкустарының жеңімпаз иегерлері атанып жатты.
Іс-шарамыздың тиімді кезеңін «Отбасыммен бірге оқимыз» проектісі де өз нәтижелерін көрсетіп, бала мен ата-ана арасында кері байланыс пен тығыз байланыс орнатылып, бізді шексіз қуантты.
Жоспарымызда тағы бір пайдалы проект «Онлайн кітап» орын алды. Егерде оқушының үйінде кітап жоқ болса, ол өзі қызығып жүрген кітап оның қаласында сатылмаса, немесе оның отбасында қаржылай проблемалар болса, онлайн форматта кітапты оқуына үлкен мүмкіндік барын оқырманға жеткіздік.
Осы аталған шараларды іске асыра отырып, біз, жыл соңында қорытынды сауалнамасын алу барысында үлкен жағымыды өзгерістер байқадық: кітап оқуды ұнататын оқушылар саны 42%-ға өсіп, 81 пайызды құрады.
Биыл мен мектеп бітіруші түлекпін! Мектебіммен қимастықпен қоштасып барамын, әйтсе де, бақытты сезіммен қоштасып барамын! Мектебіме қосқан үлесім шексіз қуаныш пен мақтаныш алып келетінін енді түсіндім. Артымда қалған ізбасарларым менің бастаған ісімді жалғастырады және кітапқа қызығып қана қоймай оны құрметпен бағалайтын оқырман қатары көбейетініне кәміл сенемін.
Талдықорған қаласы
Ш. Уәлиханов атындағы №10 ОМГ
11 сынып түлегі Шаймерденова Аружан Талгатовна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі