Шалабай өз заманыңда батыр ер болған. Өзі кедей болған. Бірнеше өзара соғыстарда Шалабай жауға шауып, жеңген, сүйтіп, өз заманында батыр атанған ер атақты кісі болады. Енді бұның немерелері Жоламан, Бердаулет дейтіңдер болады. Бұлар да батыр болған. Олар батыр болғанда, ел бастап көтеріліске шықпаған. Мысалы, Исатай-Махамбет құсап, ия Амангелді құсап. Бұлардың жауы сол хан Әлке, үйткені Әлке патшаға сатылған, орысқа жақын болған, халыққа салық салған, қанаған, шаруаларды елемеген. Міне, бұлардың мақсаты: халыққа бақытты тұрмыс беру, салықтан босату, бас бостаңдық беру /орыстан/, патшадан аулақ болу. Бірақ «мұның бәрі тек ханды өлтірсек ғана орындалады» деп ойлайды. Халықты бастап көтеріліске шығуды ойламайды. Тек қана бұлардың мақсаты — ханды өлтіру, сүйтіп халыққа бостандық беру.
Сол мақсатпен бір күні Әлке хан салық алуға базарға келгенде, он екі бименен сол жерде көптің ішінен Жоламан, Бердаулет келіп, Әлкені алтыатармен атады. Сол жерде опыр-топыр хан құлап қалады. Сол құлауымен өледі, бұны ешкім де білмейді. Адай жағынан, шаруалар жағынан жалғыз жарым білгендер айтпайды. Сүйтіп, билер кімнен көрерін білмей, әуре-сәуре болады. Аңдушылар, тыңдаушылар қояды. Бірнеше жансыздар қояды. Ақырында сенделіп ешкім екенін біле алмаған соң әр руға бір жабысады. Біресе, адай өлтірген шығар дейді. Одан шұқалап шығара алмаса, әлімге /ру аты/ жабысады. Одан шыға табынға, не керек ақыры таба алмайды. Одан берігерек келгесін барып онда да ештеңе шығара алмайды. Жоламанның батыр болуы — осы.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі