Бұл күні білім мен өнердің, мәдениет пен парасаттың, адамгершілік пен ізгіліктің бастауы болған білім ордалары миллондаған шәкірттеріне құшағын айқара ашып, жаңа 2023-2024 оқу жылын бастағалы отыр. Баршамызды алда жаңа білім, жаңа асу, қиындығы мен қызығы мол білім саласының алғашқы күндері күтуде.
Мемлекетіміз өркениетті елдердің қатарында көркеюі үшін ертеңгі ел болашағы, бәсекеге қабілетті білімді жастарды тәрбиелеу — барша ұстаздар қауымының міндеті екендігі баршамызға мәлім. Ұстаз – ұлылық, шәкірт – мәңгілік.
Атақты шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің атымен аталатын қасиетті қара шаңырақ Қазақ Ұлттық Университеті – қазіргі таңда еліміздегі бірінші орында тұрған жоғарғы білім беретін оқу орны.
1934 жылы іргесі қаланған ҚазҰУ құрамында қазір 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк және әскери кафедра жұмыс істейді. Университетте 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100 аса ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық мемлекеттік және атаулы сыйлықтың лауреаты және 40-қа жуық жас ғалымдар сыйлықтарының лауреаты жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда.
Халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша QS World University Rankings ҚазҰУ 2018 оқу жылы әлемнің 800 үздік университеттерінің арасында 220 орын алды. QS University Rankings рейтингісінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша ҚазҰУ 200-ден 11-ші орынды иеленді. ҚазҰУ-дың екі рейтингісінде Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарының арасында ең жоғары баға алды. Осылайша, біздің университет Орталық Азия мен ТМД-дағы теңдессіз көшбасшылығын тағы да дәлелдеді. Көлемі 100 гектарға жуық, көркіне көз тоймайтын ҚазҰУ қалашығының мұнда оқитын мен сияқты студенттер үшін орны бөлек деп ойлаймын.
КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыған киелі ҚазҰҮ.
ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған.
Осындай сан мүмкіндіктерге толы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенті атану - асқақ арман, үлкен бақыт, зор мәртебе. Сондықтан біз үшін бұл үлкен абырой, үлкен мақтаныш!
Шынында да, арман боларлықтай атына заты сай әсем қалашық менің жүрегімді бірден жаулап алды.
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Пьер Тейяр де Шарден
- Пьер Тейяр де Шарден
- Пьер Тейяр де Шарден
- Пьер Тейяр де Шарден
Барлық авторлар