Сонау Тараз жағындағы Талас бойындағы бір шайқаста күні бойы болған жекпе-жекте бірде жеңіп, бірде жеңіліп дегендей алма-кезек түсіп, екі жақтан да шығын болып, күн батуға таяған кезде ту жығылып, бүгінгі соғыс тоқтауға айналғанда қалмақ қолы жағынан бір жас батыр атын ойнақтатып, «бүгінгі соңғы айқас болсын!» деп межелі жерге келіпті.
— Япыр-ай, мына қалмақ мезгілсіз уақытта жаман ырым бастамаса етті! — деп Серғазы батыр қасындағы жас батырларды айқасқа жібермей: — Жасым келіп қалған адаммын ғой, өлсем мен-ақ өлейін, — деп айқасқа өзі шығыпты.
Айқас басталып кетеді. Екі батыр ары-бері ырғысып жүргенде, Серғазының найзасы қалмақтың батырының дуылғасына тиіп кетіп, дуылғасы басынан ұшып кетеді. Қалмақтың батырының қыз екенін сонда біледі. Серғазы сол заматта қалмаққа қылышын суыртпай, шапшаң қимылдап жіберіп, қызды ат үстінен жұлып алып, өңгеріп ала жөнеледі. Сонымен бүгінгі соғыс та бітті.
Сонымен Тараз — Талас аймағынан ауылына қайтып, жекпе- жекте жеңіп алған қалмақ қызын ағасы Сереңге әкеліп береді.
— Менің соғыстан алған олжам, сіз алыңыз, — депті Серғазы.
Сол жеңгемізден бір ұл туады.
— Е, әлгі Есек әулиенің оянып кеттім, екінші ұл сұрап жатыр едім дегені осы бала шығар. япыр-ай, не деген әулие еді, — деп бұл дүниеден өтіп кеткен Есектің әруағына тағы бір бас иіпті.
Оқуға кеңес береміз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі