Махамбет Өтемісұлы Исатайдан айырылып жалғыз қалып жүрген кезде, Баймағамбет хан «Исатай жүр» деген жүрушілерін жіберіп, Махамбетті шақыртады. Сұрау, аман-сау алып отырғаннан кейін Баймағамбет айтады:
— Ай, Исатайдың жауға алынарын, өзіңнің қаңғырып қаларыңды білмедің бе, ханыңмен қалайша араз болдың? Кәне, баян етші, — дейді. Жауап:
— Ей, Баймағамбет, Тәңір ғалам болса, елге білім береді, Тәңір жауыз болса, елге бүлік түседі, атаңа нәлет өздеріңдей жауыз хандардың қарны жуан билердің елімізге бүлік түсіргенін, Исатайдың жауға алынғаны, менің қаңғып қалғаным сол еді. Сұрау:
— Ей, Махамбет, өз еліңе сыймадың, Маңғыстауға сыймадың, енді аспанға қыстаймысың, жер бетінде саған енді орын жоқ, — дейді. Жауап:
— Ей, Баймағамбет, аспанда жаңбыр бар дейді, Еділде қалмақ бар дейді, Жайықта казак-орыс бар дейді. Нарыннан хан төре қонысы бар ма еді, кел Жәңгірді шауып өлтірелік деп едім, Исатай ерік бермеді, өздеріңдей жауыз хандардың көзі, сірә, көрмеді, — дейді. Сұрау:
— Ей, Махамбет, тағы не айтасың, сені жырау дейді, біраз жырлашы, — дейді. Жауап:
— Иә, Баймағамбет, менің тілім екі айыр, біз біреуін көріп жатсақ, ханмын деп қайтесің, мен қаңғырмын деп қарап отырмаспын, сенің басыңды кесем дермін, сен сықылды қаңғыр өлсе, ештеңе етпес. Өздеріңдей жауыз хан өлсе, дүние бітпес. Мен — аспандағы жұлдыз, Баймағамбет қолың жетпес, атаңа нәлет хандардың жауыз құрбылардың айтқан сөзі естен, сірә, кетпес, — дейді. Сонан кейін мұнар-мұнат күн де бастап кетеді.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым баты
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі