Біз бүгін сіздерге қазіргі таңдағы әлемдегі ең белсенді, ең қауіпті деген жанартаулардың төрттігін таныстырғалы отырмыз.
Бұл жанартау Еуропадағы ең биігі әрі ең қауіптісі болып саналады. Италия тарихында бұл жанартау бірнеше рет Сицилия тұрғындарына сес көрсеткені белгілі. Этна орташа есеппен әр үш ай сайын бір рет лава шашып тұрады. 2008 жылдың соңына қарай атқылаған лава бір жылға жуық уақытқа созылды. Жанартаудың шың басында үнемі ояу жататын төрт бірдей кратер орналасқан. Жанартау атқылай бастаған кезде одан шыққан қалдықтар бірнеше шақырым биіктікке көтеріліп, кейін үлкен мөлшерде тау баурайына қонып, шлак болып қатып қалады.
Оның зияны да жоқ емес. Сол жердегі шлак басып қалған ауданда өсімдіктердің қайтадан өсіп шығуына елу жылдай уақыт керек екен. Сондықтан Этна бөктерінде өсімдіктер әр жерден аз мөлшерде өседі. Дегенмен тауға жақын маңдағы жердің құнарлылығы жоғары болғандықтан, жергілікті тұрғындар қауіптілігіне қарамастан, ол жерден кетуге асығар емес.
Оның үстіне бұл аймақта бүкіл Италия мен әлемнің басқа да елдерінде үлкен сұранысқа ие атақты итальян шараптарын дайындауға арнайы өсірілетін жүзім алқаптары бар. Этна өзінің аса қауіпті жанартау болғанына қарамастан, оған дүниенің түкпірінен сапар шегетін туристердің саны бір сәтке де азайған емес. Олардың көпшілігі мұнда адреналиннің үлкен мөлшерін алу үшін келетіндіктерін де жасырмайды. Себебі жанартаудың қашан оянатынын ешбір ғалым дөп басып айта алмайды.
Бұл жанартау әлемдегі ең қауіпті табиғи объекті болып саналады. Аяқ астынан атылып, белсенді түрде лава шашатын ол баурайында тұратын халық арасындағы бірнеше адамдардың өліміне себепші. Мысалы аталған жанартау кесірінен 2006 жылы 5000 адам қаза тапса, 2000 аса жан үй-күйсіз қалды. Ал 2010 жылы жанартау қайта оянып, алайда жергілікті билік тұрғындардың көпшілігін қауіпсіз жерге көшіріп үлгергендігі себепті үлкен көлемдегі адам шығынына алып келген жоқ.
Мұнда жанартаудың ұсақ-түйек атқылаулары жыл сайын екі рет болып тұрса, ал үлкен көлемдегісі әр жеті-сегіз жылда орын алады. Туристерді жанартаудан бөлек оның баурайындағы керемет стильде салынған тарихи ғибадатханалар мен әр түрлі ежелгі құрылыс нысандары қызықтырады. Мысалы, таудың оңтүстік бөктерінде ЮНЕСКО ұйымының қорғауына жататын Прамбанан атты ортағасырлық индуис және буддалық ғибадатханалар кешені мен Рату Боко патшалығының сарайы орналасқан.
Бұл жанартау тоғыз миллион тұрғыны бар Мескика астанасы Мехикодан бар болғаны 70 шақырым жерде орналасқан. Попокатепетль Мексикадағы ең үлкен жанартаулардың ішіндегі ең қауіптісі болып саналады. 2000 жылы осы жанартаудың аяқ асты оянуы он мыңдаған адамның басқа аймаққа көшуі мен мұздықтардың жаппай еріп кетуіне алып келді. Науатль тілінен аударғанда Попокате́петль сөзі «Тұтанған тау» дегенді білдіреді.
Бір кездері жергілікті тұрғындар арасында бұл жанартау «сөніп қалған» деген түсінік қалыптасқан болатын. Алайда кейін «отты тау» өзінің әлі де қуаты сарқылмағанын сан мәрте көрсетіп, халық арасында тараған жоғарыдағы әңгіменің жалғандығын дәлелдеді. Дегенмен оның баурайына шоғырланған халықтың жанартауға деген құрметі шексіз. Себебі ондағы топырақ құнарлығы аса жоғары саналғандықтан, ол жерде халық тұрмысында қолданылатын маис (жүгерінің бір түрі) өсімдіктерінің алқабы жайқалып тұрады. Попокате́петльде туризмнен бөлек, альпинизм де жақсы дамыған.
Бұл белсенді жанартау теңіз деңгейінен мың метр биіктікте орналасқан. Ал оның кратері 11 шақырымды құрап, өлшемі жағынан әлемдегі екінші аталады. Соңғы рет ең үлкен жарылыс 2005 жылы орын алды.
Тау маңайындағы әдемі табиғат көрінісі, сондай-ақ жанартау кратеріне шығып, оның айналасында атпен қыдыру, ал баурайында ерекше өсімдіктер мен жануарлар әлемімен танысу осында жыл сайын ағылып келетін туристердің өз көздерімен көргісі келетін басты мақсаттары міне, осылар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі