Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Көзі тірісінде бағалы бола алмаса да, артында қалған өшпес мұра мен жыр жинағы қазірде тарих сахнасында, әдебиет қойнауында елеулі орын алып отыр. Жазған өлеңдерімен ғана емес, тәтті де ащы өмірін бір парақ өлеңге балай білген ақиық ақын, дара тұлға.
«Өмірім, сірә да, әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған...»
Кішкентай Мұқағали бала кезден кешкен сұрапыл тағдырына қарамастан жүрегі мен өмірін өлең-жырға арнаудан еш бас тартпаған. Алғашқы өлеңдерін он жасынан жаза бастаған Мұқағали өмір соңына дейін көптеген тақырыптарға қалам сермеп, өмірі мен өзін баяндай ақиық ақын аталды. Қуаныш пен күйзеліс, махаббат пен қайғы, бақыт пен бақытсыздықтан туған Мақатаев өлеңдері жасөспірімдер арасында да ерекше дәрежеге ие. Шынайылық, тазалық пен мағынаға толы өлеңдері бүгінде оқырман көкейінде қаттаулы, жүрегінде сақтаулы.
Мұқaғaли өмiрiн өлeңнeн, өлeңдi oның өмiрiнeн бөлiп қaрaу мүмкiн eмec. Өйткeнi, oның бүкiл өмiрi өлeңдeрiмeн acтacып, шығaрмaлaры өмiрiнiң өзeгiнe aйнaлды. Бacқaшa aйтқaндa, aқын бaр өмiрiн пoэзияғa aрнaған, сөз тізгінін қай тұстан қозғаса да жалған сезім мен жылтырақ сөзге әуес болмаған. Оған дәлел болатын «Менің мақсатым» атты өлеңіндегі тармақтар тізгіні:
«Мен жырламаймын,
Сырласамын.
Сыры бар замандаспен мұңдасамын...
Көгендеп жыр қосағын,
Келмейді жыр жасағым...».
Әр өлeңiнeн cыршыл мiнeз бeн өршiл рухтың лeбi eciп тұрaтын бiртуaр aқын Мұқaғaли шығaрмaшылығы қaзaқ өлeңiнiң oзық үлгici. Жыл кeруeнi aлғa жылжығaн caйын aртынaн қaлдырғaн өшпec мұрacы қaрaңғы түн қoйнaуынaн cәулeciн шaшқaн жaрық жұлдыздaй жaрқырaй, aйшықтaлa түcудe. Қaзaқ хaлқы дa дaрa ұлын, aқиық aқынын бiр cәткe дe eciнeн шығaрғaн eмec. Заты өлсе де, аты өлмеген тұлғалардың бізге қалдырған мұрасына сансыз алғыстар болғай, арамызда болмаса да шығармашылығын бағалай білуіміз қажет. Себебі, білім мен өнерді бағалау адамдық қасиеттің жоғарғы сатысы.
Қазақ аспанына шулай да жарқырай шығып жатқан өлеңдер бір төбе. Мұқағали шығармашылығы бір төбе. Қазақ поэзиясында Мұқағалиша толғана білген ақын аз. Өлеңге адам жанының жылуын, көреғар болмысын, көз жасы мен айбатты намысын да еркін енгізе білген Сүлейменұлы Мұқағали. «Көшеді өлең немесе өшеді өлең» деп тебіренген де Мұқағали. Сол сөзді, осыншама жырды қырық бес жасында қай ақын айта алғанды?
Қазақ аспанына шулай да жарқырай шығып жатқан өлеңдер бір төбе. Мұқағали шығармашылығы бір төбе. Қазақ поэзиясында Мұқағалиша толғана білген ақын аз. Өлеңге адам жанының жылуын, көреғар болмысын, көз жасы мен айбатты намысын да еркін енгізе білген Сүлейменұлы Мұқағали. «Көшеді өлең немесе өшеді өлең» деп тебіренген де Мұқағали. Сол сөзді, осыншама жырды қырық бес жасында қай ақын айта алғанды?
Мұқағали 1976 жылы 27 наурызда 45 жасында дүниеден озды. Мұқағалитанушы Шаяхмет Имашұлы бұл туралы былай дейді:
«1976 жылы «Өмір дастан» атты Мұқағалидің сары кітабы дүниеге келді. Оған Мұқағалидің өзі қатты қуанып, қатты дәріптеген. Кітаптың бңрнеше данасын алған болса, соның баплығын өзінен үлкен ақындарға қолтаңбасымен таратыпты. Біреуін Әбділдә Тәжібаевқа жіберіпті. Әбділдә Тәжібаев Мұқағалиды анау Қарасазда жүрген жерінен шақыртып, үй бергізіп, жұмысқа алғызған. Сол Әбекеңе қолтабасымен кітабын бергенде тілегін білдіріп, «27 наурыз 1976 жыл» деп жазып жіберіпті. Ол негізі ақпан айының іші екен. 27 наурызда Мұқағали дүниеден өтеді. Содан кейін Әбекең таң қалып, «әулиелігі бар екен ғой» деп «Әулие ақын» деп ат қойған көрінеді. Сонда Мұқағали өзінің өлетін күнін сезіп тұр екен ғой. Ал өмірден өтерінде «Жаназа» деген поэма жазды. «Моцарт, Азалы үн» деп басталды. Өзінің жаназасын өзі шығарды дейміз. «Жарық дүние, жарығың неткен жақсы еді, Жаңылыспаспын жаным деп айтсам дәп сені», - деген жолдары бар. Сол өлеңді Сағат Әшімбаев «Лениншіл жасқа» Мұқағали қайтыс болғаннан кейін басып кеп жіберіпті. Мұқағали сонымен бұрқ ете қалды. Ең тиражы көп «Лениншіл жастың» өзін қолдан-қолға іздеп оқыды ғой сол күні. Ең көп тиражбен шығатын газеттің өзі жетпей қалғанын елестетіп көріңізші. Осы оқиға Мұқағалиды қайты тірілтті», - дейді ол.
Көзінің тірісінде ақын еңбегі толыққанды бағасын ала алмаған. Тек дүниеден өткен соң шығармалары кеңінен таралап, әлемнің көптеген тілдеріне де аударылған. Ал ақынның қалалық өмірдегі тұрағы, маңайын талай жағалаған «Жетім бұрыш» тұрған көшеге кейіннен Мұқағали Мақатаевтың есімі берілген.
Бақыт Нұрай
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Көшеді өлең немесе өшеді өлең». Халықаралық Абай клубы, 2013. Роллан Сейсенбаев
«Өз жаназасын өзі шығарды». Спутник хабарламасы сайтынан m.sputnik.kz
Ер есімі – ел есінде. Спутник хабарламасы сайтынан m.sputnik.kz
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі