"Меніңше, бұл уақытша құбылыс. Жағдайды толық түсінбегендіктен кейбір кәсіпкерлер тарапынан дүрбелең пайда болды. Кәсіпкерлер мәселені дұрыс түсінгені жөн. Мемлекет үшін жұмыс істеліну керек. Олар "Сұр аймақтарда" ғана жұмыс жүргізбеуі тиіс. Қазақстан — мобильді аударым және қаржылық технологиялар бойынша ең цифрландырылған мемлекеттердің бірі. Өз басым электронды гаджеттерді белсенді қолданамын. Олар — өте ыңғайлы. Мобильді аударымдарды пайдалану кезінде адамдарға барлық операция көрініп тұрады. Жалпы, бұл экономикаға қатты әсер етпейді деген пікірдемін. Адамдар сауда жасауды жалғастырып жатыр", — деді министр Үкімет отырысында.
ҚР ҚМ Мемлекеттік комитет басқарма басшысының орынбасары: Біріншіден біздің мақсатымыз азаматтардың шоттарын тексеріп бұзушылық табу емес. Көлеңкелі бизнеспен айналысқан кәсіпкерлерді анықтау. Сондықтан тек кәсіпкерлердің мобильді аударымдарын қатаң бақылауға алу. Сәйкесінше, аударымдар кезең-кезеңімен тексеріспке ұсынылатын болады. Үш ай ішінде 100 аударым жасалса, шотыңыз тексеріске түседі", - дейді Ерқанат Шыңберген.
МОБИЛЬДІК АУДАРЫМДАР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ТЕКСЕРІЛЕДІ
Айта кететін жайт, қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдарға салынатын салыққа наразылық білдірген еді. Нәтижесінде олар тауарлар мен қызметтер үшін мобильді төлем түрінен бас тартып, қолма-қол төлем түріне көшкен болатын.
Даутбек Айдын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі