Отбасыдағы зорлық қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша ең ауқымды, мәселе. Себебі тұрмыстық жағдайда көп әйелдер бұл нарсеге көз жұма қарайды. Әйелдер мен жас өспірім балалар зорлық-зомбылық құрбаны болып жатады. Бұл зорлық-зомбылықтың басты себептері: маскүнемдік, тұрмыстық жағдайдың ауырлығы, қаржылық қысым. Ресми деректерге сүйенсек елімізде зорлық-зомбылықтан көз жұматын әйелдер саны жыл сайынғы орта есеппен алғанда 400 ден асады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы 5 жылда отбасы, тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық қылмыстарының тұрақты өсуі байқалады.
Тұрмыста емес қарапайым отбасының өзінде балаға қысым көрсетуі. Бала жас кезінен моральдік және физикалық қысым көру себебінен, жасөспірімнің жарқын болашағы күнгірт әлемге ұласуы мүмкін. Сонымен қатар болашақ ұрпақтың үмітіне балта шабу қаупі бар.
Бәрімізде отбасыдағы зорлық-зомбылыққа куәгер болып жүрміз. Әрине отбасы болған соң ұрыс-керіс болады. Болып жатқан жағдайдың кесірінің соңы үлкен жағдайға алып келеді. Ұзақ уақыт бойы таяқ жеуден көз ашпайтын әйелдер қауымы жазылмас ауруға шалдығып жатады. Өкінішке орай елімізде ажырасу саны көбейіп жатыр. Бұл жағдайлардың алдын алу мақсатында өз ұсыныстарымды ұсына кетсем:
Біріншіден спирттік өнімдерді сатылымнан алып тастау, және де оарды тек медициналық жағдайда қолдану қажет.
Екіншіден қаржылық сауаттылықты меңгеру керек
Үшіншіден адамға еркіндік беру керек. Себебі бұл мәселе әлемде кездеседі. Ол мәселе ата-ана тарапынан қателік болып есептеледі. Мысалға алсақ ата-ана балаға еркін таңдау бермеуі. Өзі таңдамаған адамына қосуы. Мұндай жағдайда екі адам бір-бірін танып білмеуі. Осындай сәтте олар өзге тараптан өзіне ұнамды қылықтарын көрмеуі, көптеген әрекеттердің өздеріне ұнамауы секілді жайттардың болуы. Осыдан кейін жан жалдың ушығуы. Қанша дегенмен әйел адамнан ер адамның күші басым болғандықтан ер адамның күш қолдануы, соңы қайғылы жағдайға немесе ажырасуға алып келеді. Бұл отбасыдағы зорлық-зомбылықтың бірден-бір басты себебі. Бұдан да басқа айтылмаған жайттар көп. 1991 жылы әйелдерді отбасының қысымынан құтқару бойынша арнайы қозғалыс құрылды. БҰҰ бас хатшысы 2008 жылы азаматтық қоғамның 16 күндік бастамасын қолдау мақсатында бастаған 2030 жылға дейін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін біріккен науқан жариялады.
Қорытындылай келе, ең бастысы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесімен ұлт болып күресіп бір жолаға нүктесін қоюымыз қажет. Дамыған мемлекеттер үшін адам болып қалыптасу енді құнды дүние. Оның ішінде білім алу, денсаулық, өзін-өзі дамыту мен бақытты болуы сияқты факторлар ескерілуі тиіс. Осы нәрселерге немқұрайлы қарамай мән беріп қарайтын болса, осы жағдайларды түгелдей болмасада көп мөлшерде азайтуға болады. Бәлкім біздің ең ұлы рухани жаңғыруымыз да осы болатын шығар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Алмас
Ойланатын нәрсе екен