Қазақ журналистикасының қалыптасу тарихындағы іргетасын бекітушілердің бірі - Мұхамеджан Сералин. Ақын, жазушы, журналист, публицист дәрежесін иеленген Мұхамеджан Сералин қазіргі Қостанай облысы, Қарабалық ауданының 18-ші ауылында дүниемен дидарласқан. Ауылдың бүгінгі аты - Серәлі. Бұл кісі Мұхамеджанның әкесі болатын. Мұхамеджан 2 класстық орыс-татар мектеп білімін Қостанайда тәмамдаса,1880 жылы Троицкдегі медреседе ілім алды. Жазушының еңбек жолы кезеңін көпшілік екіге бөледі:
Бірінш кезеңге: төңкеріске дейінгі "Айқап" журналындағы 40-қа жетер-жетпес туынды-мақалалары жатпақ.
Екінші кезең: "Ұшқын", "Еңбекші қазақ", "Ауыл" баспаларындағы әртүрлі тақырыптардағы (саяси, мәдени, шаруашылық т.б) мақалаларынан құралады.
Мұхамеджан Сералиннің "жаңа кітап" мақаласына мәні идеологиялық тұрғыда көз салсақ белгілі бір кітапқа сын сөз екенін аңғарамыз. Кітап жайлы сыни мақала, автордың мақсаты туындының барлық оқырманға ортақ , түсінікті болу керектігінің маңызын жеткізбекші. Өзектілігінен бөлек туынды кез келген қызығушылық танытқан оқырманға ұғынқы болуы керек деген тақырыпты алға тартып, сөз етеді. Сонымен қоса, кітаптың ақпараты қаншалықты маңызды болса, сыртқы стильдік баспалық ерекшелік - соншалықты маңызды екенін жеткізеді. Жазушы бұдан өзге, белгілі бір автордың кітабының жалпы халыққа түсінікті болуы үшін кітап беттерінің мәтіні қарапайым, жеңіл сөздермен жазылған мұратын түсіндіре отырып, алайда, туындыны көп халыққа қарағанда олардан да артығырақ оқыған "аз оқырман" оқитынын айтады. Сонымен қатар, Мұхамеджан Сералин шығарманы қазақ халқы ғана емес, әдеби туынды болғандықтан түркі тілдес мемлекеттердің өкілдері оқитындығын, кітапта түркі тілдеріне ортақ емле сөздердің болуы шарт екендігін, кей араб сөздерінің өзгеріп жазылуына өресі биік, алып тұлға оқырмандардың көңілі толмайтындығын жұмсақ жеткізеді. Сонан соң, кітапта автордың өзін жасырын ұстауы туындының көбірек сатылуына деген ықтималдылығын төмендетіп, сауда жолының тосқауыл әкелетіндігін алға тартады.
Бүгінгі күні де аузын ашқан шешен, екі сөздің басын қосқан ақын-жазушы атанып жүр. Қоғамда баспа орталықтарының өзіне шығарманың мазмұны емес, ұмсынған ақысы қызықтырып тұратындығы мәлім дүниеге айналды. Мұхамеджан Сералинның да қозғаған тақырыбы қазіргі таңда да ел арасында өз орнын таппай, қолдау көрмеді деп айта аламыз. Әсілінде, мағынасы жоғары құндылық өзі алыстан көз тартып, шырақтанып тұратыны кіріспесінен-ақ белгілі екендігі рас. Бірақ бұл күні сыртын сан түрлі бояу әрлеген, дизайны көздің жауын алғанымен, түбінде оқырманның жадысына түйер байлыққа кедей боп тұр. Бұның себебі, автордың халық игілігіне емес, пұл жөніндегі өз пайдасына жұмыс істейтіндігінде деп ойлаймын. Десе де, кей көзі толық ашылмаған жұрттың да аңқаулығы жазушылардың саудасын қыздырып-ақ тұр. Бірақ бұл пікірім қоғам ортасында оқырман қалауына сай авторлар мен жазушылар жоқ дегенге әкелмейді. Мұхамеджан Сералин осы мәселені көзі тірісінде қазақ елінің публицистикасының да, әдеббиетінің де болашағына да әсер ететіндігін сезіп, сөз қылып кеткендей...
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1- курс студенті Дамысұлы Космановт
Ғылыми жетекшісі: Р.С. Жақсылықбаева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі