Аққулар ұйықтағанда - поэма. Авторы Мұқағали Мақатаев. Бұл поэма 1973 жылы жазылған.
Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана бала дертінен айрылады деп айтады. Әкесі санаға әбден сіңіп кеткен,қасиетті ұғым-аққуға қарсы шығуға дәті бара алмай, өз перзенті үшін жан ұшыруға да дайын ана мылтығын алып, заңғар таулар арасындағы киелі аққулар мекен еткен Жетімкөлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып кетеді де, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақылын айтады. Үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсініп ,есінен айырыла жаздайды.
Ана - баланың анасы. Ержүрек, батыл,өзінің баласына деген махаббаттан киелі аққу құсты атып өлтіргендіктен баласынан да айырылды.
Бала - сырқаттанып жатқан бала. Оның өмірі қыл үстінде болды.
Тәуіп шал - емші. Есінен ауысқан адам, баланың ата-анасына өтірік айтты.
Әке - баланың әкесі. Қоянжүрек, ар-намысты. Құдайшылық жолынан түспеуді жөн көріп, киелі аққу құсты атудан бас тартты.
Жылқышы - жылқы бағып жүрген адам. Парасатты, ақылды, данышпан. Ол анаға ақыл айтып, оны дұрыс жолға қоюды тырысты.
Мұқағали Мақатаевтың басқа да өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі