Журналистика өлген жоқ. Ол тек өзгеру үстінде.
Соңғы онжылдықта қоғамның жаңалықтар мен мазмұнды тұтыну тәсілі күрт өзгерді. Адамзат тарихында біз бұлай ешқашан бір-бірімізбен тығыз байланыста болған емеспіз, бұл жаңа, қызықты цифрлық дәуірдің артықшылығының дәлелі. Интернет - әлемдегі кез келген адаммен секундтарда байланысуға мүмкіндік береді. Журналистерге бұдан былай жылдам жазу, тарату мүмкіндігін пайдалана отырып, баяндамаларына назар аударуы үшін қағаздар басылғанын күтудің қажеті жоқ.
Цифрлық журналистика – журналистиканың дамыған, бұрындағыдай жазу мен басып шығаруды қажет етпейтін, ақпаратты желі арқылы бөлісетін саласы. Жаңа заманның мүмкіндікке толы мамандығы. Цифрлық журналистика арқылы кез-келген адам журналист маманы бола алады. Тек өзінің жеке білімі болуы қажет.
Газет индустриясының тұрақты құлдырауы жаңалықтарды хабарлау және тарату тәсілдерінің толығымен қайта жаңаруына себеп болды. Бірақ тәсәлдер түбегейлі өзгерген жоқ, тіпті солай қалды десек те болады - айырмашылықтары жаңалықты тарату жылдамдығы, журналистер бәсекелестігі және оқырманға жеткізудің әр түрлі тәсілдерінде жатыр.
— Тұтынушылар қолындағы газетін смартфон, планшет немесе компьютердегі оқу үшін сайттар мен қолбандаларға алмастырды.
— Оқырмандар басқа адамдармен пікірталас, оқиғаларға түсініктеме беру, талқылау мүмкіндігіне ие болды.
— Бейне, фото және подкасттар арқылы ақпаратты қабылдау тәсілдері одан әрі арта түсті.
— Көптеген радиостанциялар тікелей эфирдегі жаңалықтарды жүктеуге және кері айналдыруға болатын қосымшаларды ұсынды.
— Желілер әлеуметтік платформалардағы шоулардың қысқаша үзінділерін ұсына отырып, маңызды сұхбаттарды немесе қызу алмасуларды көруге тұтынушыны қызықтырып үйренді.
— Смартфондар, әлеуметтік медиа және мобильді қосымшалар дәстүрлі қағаздан шығатын газет, радио немесе теледидардың қажеттілігін жойды; тұтынушылар енді кез келген жерден ақпаратты тыңдай да, оқи да алады.
Онлайн журналистиканың дамуы адамдардың жаңалықтарға қол жеткізу тәсілін айтарлықтай өзгертті. Егер шұғыл оқиғалар орын алса, онлайн журналисттер дереу байланыс жасай алады. Бірақ цифрлық журналистика дамыған сайын қоғамымызда жалған ақпарат көздері мен баспасөз бостандығына қысым көрсету үрдісі көбею үстінде. Жаңалықтардың тез таралатын дәуірінде жалған ақпараттың таралуы саясатқа, экономикаға, тіпті бүкіл мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсер етеді.
Fake news – шындыққа жанаспайтын, бұрмаланған я болмаса 100% факт емес ақпарат. Көбіне көп қаралым мен жұрт ішінде интрига туындату үшін таратылатын жалған ақпараттар. Жалған жаңалықтар жиі сенімсіз веб-сайттар арқылы таралады. Сондай-ақ, әлеуметтік медиа жалған шағымдардың тез таралуына мүмкіндік береді, себебі жалған ақпаратта ашулану, күлу немесе қорқыныш сияқты эмоцияларды қоздыратын оқиғалар жиі кездеседі.
— Әлеуметтік желідегі парақшасының тіркелу уақытын анықтаңыз. (жаңа болмауы қажет)
— Парақшасында көк растау белгісінің бар-жоғын тексеріңіз.
— Парақшаның неше жазылушысы мен досы бар? (аудиториясы кімдер?)
— Блогты қандай мазмұнда жүргізеді?
Зерттеу мағлұматтарына сүйенсек, қазір аудиторияның ыстық ықыласына бөленіп жүрген цифрлық арналар әр көрерменнің немесе оқырманның қызығушылықтарына сай жаңалық көрсетіп отырады. Бұл дегеніміз – сіздің қай жаңалыққа басымдық беру керегіңізді шешетін алгоритм. Сауалдама нәтижелері көрсеткендей, адамдардың 30 пайызы алгоритмнің мұндай қызмет көрсетуіне қарсылық білдірмейді. Ал респонденттердің 27 пайызы әлі де журналистер мен редакторлардың өзі жаңалықтар ретін белгілеуі керек деп есептейді.
Журналист болғысы келетін студенттер енді өз үлестерін журналистика дағдыларына қосу үшін цифрлық журналистикамен таныс болуы керек. Журналист өз аудиториясын талдап, олармен тиімді қарым-қатынасқа назар аударып қана қоймай, жылдам әрекет етуі тиіс.
"Цифрлық журналистика" – бұл шығармашылық және заманауи сұранысқа ие мамандықты меңгерудің сенімді мүмкіндігі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі