Өлең, жыр, ақындар

Таныстыру өлең шумақтары

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Атым -..... болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым.............. қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!

Ұстазым -... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қалдырайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге болып,
Сахнаның төрінде сән құрайын!

«Сөз анасы - сәлем» дер дана халқым,
Өмір бойы сыйлап өскен ата салтын.
Сәлем бердім баршаңа, оқырмандар,
Деніңіз сау, жүзіңіз болсын жарқын!
Қыз - өсіру ата - ана ізгі арманы
Алдарыңа үмітпен келіп тұрған,
Қазағымның тарихын зерделеген
Айтолқын атты қазақтың қызғалдағы
Бас жүлдеге мен де таласайын,
Өзімнің күшімді мен аямайын.
Бәріңізге сәттілік қарсыластар,
Осыменен сөзімді аяқтайын!

Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.
Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз.
Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз
Бектас тұр жанымда жарқыраған
Жүрегі ақ көңіл аңқылдаған
Армандап талай жандар бір көруге
Аңсау менен түндерді таңды атырған
Ортаға қол ұстасып біз шығайық
Өмірдің шапағатын біз құрайық
Көрсетіп өнерлерді барша жұртқа
Иемденіп бас жүлдені біз алайық
Бүгін міне сайысқа қатыспақпын
Шыққандаймын өте бір киын жолға
Таныстырып өзімді сөз сөйлейін
Аруақ ата - бабам жар боп қолда!
Сұрасаң есімімді, айтам - ............
Тумады ..........да .......... гүл
Сұрасаң руымды айтам, аты - .......
Досым көп, дұшпаным да аз емес бірақ.
........... деген асқар таудай әкем бар,
........... деген ақ бұлақтай шешем бар.
Әкем - тұлпар, Шешем - сұңқар.
Көп сөйлеп кідірмейін, тоқтамайын,
Жеті атама енді мен тоқталайын... (жеті атаңызды атайсыз)

Шығыпсыңдар сайысқа
Сұлу қыздар, арулар
Мен жетемін табысқа
Жүлде аламын бауырлар!
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!
Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
......... атты кішкентай қыздарыңмын.
Жүріп келем өзін салған ізбенен,
Жақын болар әкесіне қыз деген.
Орта жүздің ..... атты руынан,
Асқар таудай әкем бар .......... деген.
Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.
«Қыз аруы» атты мына сайыста,
Қарсыласым шаба білген майыспа.
Өнердің өрлетейік өр кемесін,
Мына жұрт таңырқамай кетпесін

Армысыздар халайық!
«Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді дегендей қымбатты ұстаздар, ата - аналар және қарсыластарым. 8 - наурыз мерекесі құтты болсын.
Бәріңізге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
....................... (Аты-жөні)
Руым, ..... -  ........ (жүзі айтылады) сұлу қызы мен болам.
Менің атымды ....... деп қойған себебі ........ болсын, ...... болсын деп ....... қойған.

Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!
Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
....... атты кішкентай қыздарыңмын.
Жүріп келем өзін салған ізбенен,
Жақын болар әкесіне қыз деген.
....... жүздің ...... атты руынан,
Асқар таудай әкем бар ........ деген.
Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.
«Қыз аруы» атты мына сайыста,
Қарсыласым шаба білген майыспа.
Өнердің өрлетейік өр кемесін,
Мына жұрт таңырқамай кетпесін.
Көктем аруы Ғажайып күн мен үшін,
Осы мейрам әрине. Бәрі асыл ана үшін,
Қарыздармын мәңгіге.
Алақаны аяулы,
Ұмыттырар қайғыны.
Бұл сиқырлы алақан,
Жақсы іске баулиды.
Сайысқа мен келіп тұрмын,
............... аты – жөнім.
Сәттілікті тілеп тұрып,
Бас иемін сіздер үшін.

Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек киген
Қазақтың ерке қызымын.
Ән айтып, мың бұрала билеген,
............... мен болам.
Дәстүрін елдің сақтаған,
Иіліп халқыма бас иіп сәлем берем.

Ел жатқанда жатпаған,
Біз деп тыным тапаған - деп Аналарды мерекелерімен құттықтаймын. Құрбыларыма сәттілік Өзіме жеңіс тілеймін.

Армысыздар халайық,
Амандасып алайық.
Менің атым .........
Мақтануға лайық.
Руым .......... ішінде ..............
............ ата боламын немересі
Әкем аты ............ Анам аты............
Қыз сынына келіп тұрмын
........... атты мен бір гүл.

Атым ...........сұрасаңыз.
................ екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты .............. асқар тауы
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
Анашым...............................
Жүзінен төгілетін күннің нұры
Атыңызға кір келтірмей өтсем сіздің
Мойныңнан сүйер ме екен перзентшігің.
Қатысам мен бақшадан жарыстарға
Өзімді көпшілікке таныстырам.
Атым - ........, қызымын ..............тің
Руым ............, бөлімі бар ........... деген
Құттықтап аналарды мерекемен
Билейміз дөңгеленіп, айтып өлең.
Шыңдаймыз өнер менен білімді біз
Иіліп өздеріңе сәлем берем.
Сәлем беріп алдыңызға бас ием.
Қош келдіңіздер барша жандар сайысқа,

Таныстырам өзімді.
Мен сүйкімді ......................
..............  Руым .............  мен болам
Өнерімді көрсетемін аянбай.
Әділ қазы әділ шешсін аянбай.

........ немересі, атым ........,
Мен болдым шаңырақта тойдың басы.
......... бала дейді әжем.
Бауырларым өсіп келеді қолтықтасып.
Жарқыраған тау тасындай баламын.
Шаңырағымның үлкені мен боламын.

Мейрім төккен балаға
Білімін құйып санаға
....... , ........ апайлар
Мың алғыс айтсам бола ма
Өнерімді көріңдер
Дәл бағасын беріңдер
Қарақат көз бүлдіршін
Топ жарады сеніңдер
Жарқыраған балақайды
Шапалақпен демеңдер.

Таныстырсам өзімді
Атым менің .......
Кішкентаймын мен әлі
Жұрттың бәрі тани ма
...... атты әкем бар
Еркелетер күлімдеп
........ деген анам бар
Мәпелетер гүлім деп.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар