Өлең, жыр, ақындар

Алтын жолбарыстар

Алтын жолбарыс - (Panthera tigris) өкілдеріне жататын, сирек кездесетін «алтын» түстес жолбарыстар. Алтын түстес болуының себебі гендік рецессивтілігіне байланысты. Мұндай табиғи өзгерістерді адамдар XX ғасырдың бас кезінде байқаған. Ғалымдардың айтуынша, мұның себебі гендік алмасудың әсерінен пайда болған дейді.

Алтын жолбарыс – жолбарыстар арасында сирек кездесетін альбиностар өкілі. Ақ жолбарыстардағы сияқты олардың түсі рецессивті геннен туындап отыр. Бұл түрдің өкілдері басқа жолбарыстарға қарағанда ірілеу болып келеді. Олар сондай-ақ қара жолақтарының мүлдем болмауымен және жұмсақ жүндерімен ерекшеленеді. Кейбіреулеріннің құйрық ұшынан ғана қара жолақты байқауға болады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында-ақ алтын түсті жолбарыстар белсенді аң аулау салдарынан бірте-бірте жойыла бастаған. Бұл іс-шараға кедергі болу үшін жануарларды негізінен тұтқында өмір сүруге мәжбүр еткен. Флорида хайуанаттар бағында тұратын әдетте кездесетін жолбарыс түрінің гендік мутациясының нәтижесінде 1983 жылы ерекше, яғни алтын түсті бірінші жолбарыс туылған болатын.

Алтын түсті жолбарыс – жеке түрге жатпайды. Мұндай жыртқыштардың жабайы табиғатта пайда болуы Бенгал жолбарыстарының оқшауланған туыстығының нәтижесі деп айтуға да болады.Бір қарағанда, алтын жолбарыстар әдеттегі туыстарына – Бенгали немесе Амур жолбарыстарына ұқсайтын көрінеді. Алайда, ерекше генетикалық комбинацияларға байланысты, алтын жолбарыс өзге жолбарыстардан үлкен мөлшерде ерекшеленеді.

Қоректену жағынан  өздерінің басқа туыстарымен, Бенгал жолбарыстары сияқты аңдармен бірдей екен. Олардың қоректері негізінен үлкен жануарлар басым: піл, буфал, жабайы ешкі, жабайы қойлар, сондай-ақ қояндар, түлкілер және маймылдар бодады екен. Жолбарыстар шабуылға қолайлы сәтті ұзақ уақыт бойы бақылай алады.  Оның сезімтал есту және көру қабілеті оған кез келген жағдайда жәбірленушіні сезінуге мүмкіндік береді.  Бұл жануарлар суға түсу арқылы балық секілді теңіз жануарларымен де қоректенеді.

Ерекше бояларының арқасында бұл жолбарыстардың жабайы табиғатта өмір сүруі қиынға соғуда.

Қазіргі таңда алтын жолбарысты тек зоопарктерден ғана көре аласыздар. Соңғы санақ нәтижесі бойынша, әлемде 30-ақ алтын жолбарыс қалған. Қазіргі таңда оларды будандастырып, табиғи ерекшелігін сақтап қалу мақсатында ұрпақ көбейту жұмыстарын жалғастырып жатыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

АҚЖАРҚЫН

Жолбарыстар маған қатты ұнайды

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз