Өлең, жыр, ақындар

Тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы – балабақша

Нұр-сәби бөбекжай балабақшасының әдіскері Кулмаганбетова Балжан

Ұрпақ тәрбиесі – отбасынан басталатыны баршаға мәлім. Әйтсе де ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбиеде беріледі. Ал мектепте жан-жақты педагогика¬лық өрісін табады. Әсіресе, бала¬бақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Бала бойын¬дағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып өсуіне бала-бақшаның маңызы зор екені белгілі. Балабақша табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршінді өркениетті еліміздің тұтқасын ұстайтын ертеңгі ел азаматтары деп білеміз. Әр баланың бойынан оның қандай іске қабілетті, қандай өнерге бейімді екенін, икемділігін байқау балабақша тәрбиеші¬лерінің ізденісіне, байқампаздығына байланысты. 

Тәрбиеші қандай болу керек? Атақты ұлы педагог Амонашвили «Тәрбиеші бұл – өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» деп атап өткен. Тәрбиеші балаларды сүйеді, психологиялық қамқорлық жасайды. Баланың ойнауына, еңбек және білім алуына жағдай туғызады. Баланың дамып жетілуіне ат салысады.

Біз ата-аналармен бірге жас ұрпақты тәрбиелей отырып, еліміздің болашағын құрамыз. Шәкірттердің ой – өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі зор. Бүгінгі тәрбиешінің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген тәрбиешінің қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да , өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. 

Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Болашақта тәрбиеленушілеріміз жаңа Қазақстанның жарқын да белсенді тұлғалары болады деген үміттемін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз