Бір күні жоқшылықтан жадап-жүдеп жүрген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып:
— Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? — деп налиды.
Данышпан оған:
— Себебі, сен адамдарға жомарттық танытпайсың, өте сараңсың, — деп жауап береді.
Бұл жауапқа таң қалған кедей:
— Қолымда беретін ештеңем жоқ, тапқаным өзімнен артылмаса, қалай жомарттық танытамын? — дейді.
Сонда қария:
— Негізі сенің адамдарға жақсылық жасауға мүмкіндік беретін бес қабілетің бар.Сол мүмкіндіктеріңді оятып, жүзеге асырғаныңда бұлай демес едің, — дейді.
Таң қалған кедей оның қандай қабілет екенін сұайды. Сонда данышпан:
Біріншіден, өзгелерге жымиып қара, күлімдеп жүр. Аллаһу та’ала нәсіп етсе, осы арқылы да садақа жасап, сауапқа кенелуіңе мүмкіндік бар;
Екіншіден, айналаңа мейірленіп қара. Олар сенің көзіңнен тек жанашырлық пен жақсылық көретін болсын;
Үшіншіден, сен мылқау емессің, сөйлей аласың. Ендеше адамдардан жақсы сөзіңді аяма;
Төртіншіден, жүрегің тоқтаусыз соғып тұр. Ендеше, бар ықыласыңмен жан-тәніңмен беріліп тұрып басқаларға жақсылық тіле. Олардың өмірінің берекелі, тұрмыстарының шырайлы болуы үшін дұға ет;
Бесіншіден, аяқ-қолың сау. Ендеше денсаулығыңды пайдаланып, жұртқа пайдалы істерді атқар. Көмектес, — дейді.
Қарттың бұл әңгімесі кедейді қатты ойландырады.
Иә, адам баласын бай қылатын — дүние-мүлкі мен ақшасы емес, ақ пейілі мен таза көңілі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі