21 ғасыр интернет желісі қарқынды дамыған ақпараттық қоғамның белсенді дамыған кезеңі. Еліміз де қарқынды дамыған алпауыт елдердің қатарында даму үстінде. Ақпараттық қоғам арқылы өзіңе қажетті кез келген мәліметті үйден шықпай ақ қол жетімді түрде табуға сонымен қатар әр түрлі ақпарат желісімен оңай түрде бөлісуге мүмкіндік бар. Бұл дегеніміз түрлі ақпараттар негізімен қиыр шетте болып та түрлі деректерді алып және бөлісе аламыз. Дегенмен осы бір керемет мүмкінлікті қазіргі адамдар дұрыс пайдаланып жатыр ма деген сұрақ туындайды. Қазіргі діни мәселелер мен діннің дамуында ақпараттық қоғамның алып жатқан орыны қандай?
Ақпарат алу жолдарының өте оңай болғанына байланысты қазірде түрлі жат дүниелерге жетелейтін сайттар, парақшалар сонымен қатар түрлі ақпарат көздері көбейіп кеткен. Оған кішігірім мысал қазіргі таңда шамадан тыс көбейіп жатырған түрлі діни сайттар. Шынымен де қазірде белгілі бір діни ақпарат алу үшін интернет желісін ашып қарасаң бірнеше сайттар түрлі ақпарттармен шыға келеді. Өзіңе қажетті және дұрыс ақпаратты табу қазір өте қиын. Қазірде жат ағым жетегіне ілесіп кетіп жатқын жастар саны да қаншама. Оңай ақпараттар мен түрлі деректерге сеніп одан әрі қызығып қараған адамдарды өздеріне тартып алады. Өз діндерін тарату үшін тек қана сайттар ғана емес түрлі қосымша сабақтар курстар үйірмедер жаттығу орындарын ән би орындарын ашып адам тарту арқылы да жұмыс жасайды. Қалай дегенмен де оңай ақпарат тарату жолдары арқылы көп адамдерды тура жолдан тайдыруда олардың көпшілігі жастар болып келеді.
Қазіргі таңда жастардың дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні кез келген діни ғимараттағы жамағаттың көп бөлігін жастар құрайтыны баршамызға мәлім. Бұл қоғамдағы дінді ұстанушы тұрғындардың басым бөлігін жастар құрайтындығын көрсетеді. Қазіргі замандағы адамдар қоғам өміріндегі діннің ерешелігін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмідің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткендігін терең түсіне алады. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қатар қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам, мамандану және жіктелу жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді. Қоғам өміріндегі діннің рөлі – ерекше. Алайда қазір адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша жаратылыстың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін нәрсе – дін. Көптеген адамдар жүрекке дауа, санаға өріс беретін діннің мәңгілік құндылықтарына жүгінуге мәжбүр болады. Міне, осындай жандар адам өміріндегі, қоғам өміріндегі діннің орнын түсініп, оның мәні мен маңызын ашуға ұмтылады. Адамды осындай биік құлшынысқа, рухани жетілуге жетелейтін қасиеті діннің басты бір маңызы болып табылады. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап елдің өркендету жолында іргелі әлеуметтік реформалар жасап келеді. «Біздің басты мақсатымыз — əлеуметтік қауіпсіздік жəне азаматтарымыздың байқуаттылығы. Бұл — қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Нағыз пəрменді əлеуметтік саясат — ол халықты жұмыспен тұрақты қамту саясаты» делінген Президент Жолдауында.
Ендеше, мемлекеттің жастарды әрдайым әлеуметтік әрі рухани қолдау жауапкершілігін сеніммен жүзеге асырып келе жатқанына сеніміміз мол болуы тиіс. Қазіргі заманғы адам және қоғам өміріндегі діннің маңыздылын, ерекшелігін дұрыс түсіне білетін, ұрпақтанұрпаққа дұрыс жеткізіп, тәлім-тәрбие беретін, өсіп келе жатқан жастарымызды да дұрыс жолға салатын да өзіміз. Сонымен қатар, көппен бірге адаспай, жалғыз жүріп жол тауып, сол дұрыс жол арқылы көпті тәрбиелеудің маңыздылығының жоғары екенін түсіне білейік. Дін туралы ақпарат өажет болған жағдайда, дін ісімен айналысатын, білікті маманнан сұрастырып, ақпарат алған жөн. Қазақта сөз бар «Торғай сойсада, қасапшы сойсын» деген. Сол себепті дұрыс ақпаратты білікті маманнан алғанымыз дұрыс.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және Саясаттану факультеті
Дінтану мамандығының 2 – курс студенті Нүсіпбай Ақерке
Жетекшілер: аға оқытушы., PhD Мұқан Нұрзат, Сарсенбаев Р.М.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі