Алаша Шора қуақылығы күшті болса керек. Жаз күні екен, мал қарай шығып келе жатса, екі аттылы жас жігіттерге кездесіпті. Жігіттер Шораны танымайды, бірақ қарт кісі болған соң қазақ әдетінше сәлем береді. Шора сәлем алып, амандасып болған соң:
— А, балалар, шырағым, келе жатқан жолыңызда бір үйір жылқы көзіңізге түспеді ме? — дейді. Жігіттер:
— Жоқ, ата, көре алмадық, — дейді. Шораны қуақылығы қысып кетіп, өтірік саңырау бола қалады да:
— Е, шырағым, сол екен біздің жылқы, — дейді.
Жігіттер:
— Жоқ, ата, көргеніміз жоқ дейміз, — деп, қаттырақ айтады. Сонда:
— Шырағым, е, е, балалар, сол тап біздің жылқы айғыры торы болса, тап сол, тап сол, — дейді. Жігіттер енді сескенбейді. Біріне-бірі:
— Нағыз тас құлақ екен, — дейді. Шора да:
— Балалар, шошақтың ар жағында біздің үй бар, келіп-кетіп, қымыз ішіп жүріңіз, менің атым — Шора, — дейді. Жігіттер тағы сескенбей, бір-біріне:
— Ой, бұл Шора болса, мұның үйінде екі бойжеткен қара к…т қызы бар, барайық, — дейді. Шораның құлағының естімейтініне нақ сенген. Ертесіне Шора түсте іргені түріп жатса, кешегі екі жас жігіт келе жатыр. Жігіттер сәлем беріп, кірген соң Шора екі қызына:
— Шырақтарым, мына балаларға қымыз құйыңдар, — дейді. Қыздар дастарқан жасап, қымыз қояды. Жігіттер бір-бір аяқ қымыз ішіп, екінші аяқты қойып, алдарында тұрған мезгілде төрде жатқан Шора:
— Балаларым, қымызды ішіңдер, келіп-кетіп жүріңдер, кешегі айтқан нағыз тас құлақ Шора дегендеріңіз — менмін. Үйінде екі қара кө… қызы бар дегендеріңіз ана екі құрбыларың, шырақтарым, ойнап-күліңдер. Қымыз ішіп, келіп-кетіп жүріңдер, шырақтарым, — дегенде жігіттер алдындағы қымыздарын ішуге жарамай, белбеулерін байлауға әлі келмей, үйден шыға жөнелген ғой. Шора кейде осындай қуақылықты қолданатын кісі көрінеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі