Бір заманда бір патшаның қызы түсінде ахтылам (үйлену) болып, жүкті болып қалады. Себепсіз жүкті болып қалғандықтан, атасынан қорқып, бұл сырды дәйесі мен қызметкер қызға білдіреді.
Олар: «Иә, сенің пәк, таза екендігіңе куәлік берсек, жағдай қиын болады. Енді бұның бір шарасы, басқа бір тарапқа қашпақ-дүр. Онда сені жалғыз қашырып, өзіміз қалғанымызбен біздерге амандық болмас», — деп, бұлар күтіп алғандарға азық-түлік алып, алтын-күміс алып тауға қашады.
Бұларға бір жерге барып тоқтағанда, бір аңшы үш киік баласын ұстап алып, байлап қойып, енесін ұстау мақсатымен тұрғанда қыздарға жолығып қалып, хал-ахуалдарын сұрапты. Сонда қыздар шын сырларын баян қылыпты. Сонда аңшы жүкті патша қызымен қосылып тұруын талап етіпті. Қыз да талайыма шыққан кісім деп разы болыпты. Сонда қыз аңшыдан мәһәр (қалың) сұрайды. Аңшы:
— Мақұл, не сұрайсыз? — депті.
— Осы үш киік баласы менің қалыңым болсын, — депті.
Аңшы мақұл болып, үш киік баласын қызға береді. Сонда қыз киік балаларының бастарынан сипап, азат қылған екен. Киік балалары жүгіріп, шабысып барып енелерімен қосылған екен. Ене киік бұл тамам шаттанғаннан бұларға жақын келіп, төңіректі үш қайтара айналып, көзінен жас төгіп, қыбылаға қарап дұға қылған сықылды тұрып, кейін балаларын ертіп алып жолына кеткен екен. Бұл себептен Құдай қызға үш перзент берген. Содан нәсілі көбейіп кетіп, бұлар көп уақытта рахат, тыныш, қайғысыз жасаған екен. Сөйтіп, аңшы киік балалары мен садақты ортаға қойып, мекем уәде қылып, қызды еліне алып келеді.
Сонда қызды көргендер қыздың сұлулығына қайран қалып: «Бәрекелді, қыз-ақ екен бұл, бұдан артық не болсын, шіркінай! Сұлуын-ай!» — деп, кейін бұл лақап қызға мүбәрак нам болып, ұл-қыздарын һәм анасына ертіп, «қыз-ақ балалары» деп мәшһүр болып кеткен екен. Кейін бала деген сөз қалып «Қазақ» болып қалған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі