Мәселен, олардың бірінде былай деп әңгімелейді: хижыраның 780-790 жылдары шамасында (яғни XVI ғасырдың соңы) түрікше сөйлейтін 32 тайпаның қол астында 500 немесе 600 отбасы болған бір ханның тұтқын әйелінен «Ала» аталған бала туады. Хан бәйбішесінің айдап салуымен баладан құтылмақ болып, оны Сырдарияның арғы бетіне апарып тастайды. Мұнда оны бір кедей бала етіп асырап алады. Кейіннен жігіттің батырлық, ерліктерімен аты шығып, оның жеңістері туралы хабар ханға жетеді де, ол баласын үйге қайтармақ болады. Хан кеңесшілері Қотан би мен Майқы би оған жүз жігіт жіберуді ұсынады. Бұл жүз жігітті басқаруға Қотанның үлкен ұлы үйсінді қояды.
Барар жеріне жетіп, хан баласымен достасқан соң үйсін жігіттерімен үйге қайтудан бас тартады. Келесі жылы тағы да жүз жігітпен Қотанның екінші баласы Болат, үшінші жылы Қотанның кенже ұлы Алшын жіберіледі. Екеуі де қайтып оралмайды. үш жүз жігіт бірігіп алып, өздерінің көршілеріне шабуыл жасап, олардың малдарын айдап кетіп жүреді, ал олар жігіттерді «Қазақ» деп атайды. Бұл түрікше «еркін», «басы бос» дегенді білдіреді. Кейін жігіттер хан мен басшыларды сайлауға келіседі. үйсінді оның үш жүз жігітімен Сырдарияның жоғарғы бойына, Болатты орта ағысы бойына, ал үшіншісі Алшынды оның жүз жігітімен өзеннің төменгі ағысы бойына қоныстандырады.
Хан баласын ақ киізге көтеріп, хан деп жариялайды. Қазақтың «үш жүздің баласы» деп атануы осыдан деп айтылады аңызда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі