Оқушыларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы не үшін керек

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Оқушыларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы не үшін керек

Оқушыларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы не үшін керек — Білім, ғылым, мәдениет тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Елімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы былтырдан бері мектеп бағдарламасына енгізілген. Бағдарламаның мақсаты жайлы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтып берді.

«Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мемлекет пен жалпы қоғамды дамытудың басым бағыты. Былтырдан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіле бастағаны белгілі. Биыл наурызда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерге сәйкес аталған бағдарлама жаңартылды», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, жаңартылған бағдарлама «Әділетті Қазақстан - жауапты азамат - прогрессивті ұлт» триадасы шеңберінде адамгершілігі жоғары, адал және табысты тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.

«Жаңартылған бағдарлама шеңберінде оң құндылықтар мен сапалы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған білім беру және тәрбие жобаларын, әлеуметтік практикаларды іске асыру жұмыстары жалғасады», - дейді ведомство басшысы.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Акишан Асқар

Жақсы

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бойынша басқа мақалалар Біртұтас тәрбие бойынша мақалалар бағдарлама бойынша мақалалар мектеп бойынша мақалалар admin жариялаған мақалалар