Өлең, жыр, ақындар

Қасқұлақ (қасқыр)

Ойын далада өткізіледі (алаңда, есік алдында), көбінесе кешке қарай. 10-нан бастап 20-ға дейін жоғарғы сынып оқушылары қатысады.

«Қасқыр» және «түнгі күзетші» тандалады. Қалған ойнаушылар «қойларды» бейнелейді. Олар не «күзетші», не «қасқыр» көрмеу үшін жанжаққа таралып тығылады. «Қасқыр» көріну үшін басын ақ орамалмен байлайды. Тығылғандарды іздеумен, ол «күзетшінің» көзіне түспеуге тырысады. «Күзетшінің» тапсырмасы — «қасқырды» андып жүріп оны қуады. Тығылғандар қимылдамауға тырысады. Егер «қасқыр» ойнаушылардың біреуін ұстаса және оны «күзетші» көрмей қалса, онда «қасқыр», «күзетшінің» орнына тұрады, ал ұсталынған ойнаушы «қасқыр» болады. «Күзетші» болған ойнаушы енді қойдың рөлін атқарып тығылады. Егер «күзетші», «қасқырды» көрсе, өзінің «отарын» қорғап оны қуады. Ойын уақыты белгіленбеген. Ойын аяғында ең жақсы «қасқырларды», «күзетшілерді» және «қойларды» белгілейді.

Ережелер:

1. Егер «қасқыр» ойнаушыны көріп қойса, оған оны қуып жетуі қажет емес, атын атаса болғаны.

2. Егер «қасқыр» тығылғанның атын дұрыс атаса, онда тығылған орында қалу керек (қашпау керек).

3. «Қасқыр» мен «күзетші» рөлдерімен ауысқанда, «қасқыр» және «күзетші» кім болғаның қатты бақырып айту керек. Ойнаушылар орындарында қалу керек.

Оқуға кеңес береміз:

Ұлттық ойындардың даму тарихы

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз