Аз тамақ жеу мен аз сөйлеудің пайдалары:
— Жүрек таза және нұрлы болады, тоқтық болса жүректі нашарлатып, ойды азайтады.
— Аш адамның жүрегі нәзік болады, жасаған ғибадаттарының ләззатын сезінеді.
— Аштық әлсіздік пен шаршау әкеледі.
— Тоқтық құтыртады.
— Тоқ адам нәпсісіне тұтқын болады.
— Аш адам аз ұйықтайды.
— Барлық ғибадаттардың негізі аз ұйықтау.
— Тоқ адам аш адамдарды және ақырет азабын ұмытады.
— Аз жегеннің дені сау болады.
— Аз жегеннің шығыны да аз болады.
— Аз жеу шеберлік, көп жеу ауру.
— Көп жеген көп ұйықтайды, бәрінен жалқау болады.
— Сөз күміс болса, үндемеу алтын.
— Қайырлы сөз – керемет, үнсіздік саламат.
— Көп сөйлеу зиян, аз сөйлеу – байсалдылық.
— Тіліне ие болған адам барлық жамандықтардан құтылады.
— Әзіл, мазақ және бос сөйлеу бәле-жалаға жол ашады.
— Ащы сөйлегеннен достары қашады.
— Даналықты көп сөйлеуден емес, үнсіздіктен ізде.
— Тіл тура нәрселерді айтып үйренбейінше жүректе туралық болмайды.
— Тіл кіші болса да, айыбы үлкен.
— Көп сөйлеу достықты бұзады, орынсыз сөйлеу айыптарды ашады.
— Өтірік сөз иманды әлсіретеді, әрі адамды масқара етеді.
— Мазақ күлдіруі мүмкін, бірақ жүректі өлтіреді.
— Жақсы сөз садақа, махшарға напақа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі