Театр тек қана қызықпа, әлде рухани азықпа?

Басты бет / Әңгімелер мен мақалалар / Театр тек қана қызықпа, әлде рухани азықпа?

Театр тек қана қызықпа, әлде рухани азықпа? — Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Театр тек қана қызықпа, әлде рухани азықпа? бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Театр деген 21 ғасыр адамдары үшін не? Театрға қаншалықты қызығушылығы мол адамдар бар? Театр халыққа кандай әсер сыйлайды?

    Театр елімізде сонау ХХ ғасырдан бастап көрерменге жол тартқан рухани демалыс орны. Алғашында қазақ театрлары жыр- дастандар негізінде қойылған болса, бүгінде авторлық және шет елдік шығармалар желісіне негізделген қойылымдармен де сахналануда. Казіргі таңда әр қалада кемінде 2-3 театр бар, олардын әрқайсысы өз алдына танымалдылыққа ие. Өнер сүйер қауымның театрға деген қызығушылығы бірте-бірте өсіп келеді. Ғаламтор платформаларындағы орын санының лезде бітіп кетуі, қойылымдардағы аншлаг менің сөзімді айқындайды. Мысалы, Астана қаласындағы ең танымал театрдың бірі "Музыкалық жас көрермен" театры өз спектакльдерімен көрермен кезайымына айналып отыр.

   Сонда халықтың тетарға дген қызығушылығы қойылымның қызық болуына байланысты ма әлде ол көрерменге ой салатындай, адами құндылықтарын дамытатындай орта болғаны ма? Осы «Музыкалық жас көрермен театрындағы" ең танымал қойылым Д.Исабековтың шығармасының желісінде сахналанған "Гауһартас" драмалық қойылымы және "Абай-Тоғжан музыкалық-драмасы. Бұл қойылымдардың көрерменге берері көп, әрбір койылымның оқиға желісі, астарлы ойы және рухани құндылықтарды көрсетуі сол сахнадағы актерлермен бірге оқиғаға толығымен берілуге кемектеседі. Алайда театрға баратын керермендердің барлығының ойы рухани баю емес екені анық. Театрға қызық үшін, уақыт өткізу үшін баратын жандар аз емес. Бұндай адамдарға қойылымның мағынасы емес, арзан күлкі қымбат. Бірақ бұл ақпарат театрға шынымен қызығушылығы бар адамдарды жоққа шығармайды. "Музыкалық жас көрермен театрының" актер-режиссері Армат Амандық “Бүгінде облыс тетатрларына келетін көрермендер саны енді көбейіп келеді, ал Астана, Алматы секілді қалалардағы театрларға жиі баратын адамдардың қарасы көп. Соңғы 4 жылда жастардың театрға махаббаты ашылып келеді, карантиннен кейін халықтың театрға деген көзқарасы өзгеріп, бұрынғыдай кинотеатрға емес, театрғада көптеп келіп жатыр.Мысалы біздің театрдағы танымал спектакльдерде, “Гауһартас”, “Абай-Тоғжан”, “Шәмші” және т.б қойылымдарда адам лық толы, оның 70-80% жастар. Бұл статистиканы көріп актер ретінде қуанып қаламын. Жастардың театрға келгені дұрыс, өмірге көзқарасы өзгеріп, дамиды. "Театр бар елде-түрме жоқ" дейді, театрға халықтың келуі әлеуметімізгеде, жеке дамуымызғада көп үлесін тигізеді” ,-дейді театр актері.

    Сонымен қатар, театр енерін жоғары бағалайтын, әрбір қойылымның астарына үңілетін тұлғалар соңғы 2-3 жылда көбейіп келеді. Театр-әр барған сайын, әрбір қойылымын тамашалаған сайын өзіне баурап алатын, рухани дамуға, адами құндылықтарды шыңдауға ат салысатын бірден бір орын.

     Сөзімді қорытындылай келе, адамға іштей қуат беретін, ұлттық болмысымыздың айнасы болған театрдың қоғамдағы орны әрдайым биік, әрі қарайда солай болса екен деп тілейміз. Алтындай қымбат уақытымызды мағынасыз сауық пен арзан күлкіге жұмсағанша,театр қабырғасында жүріп, рухымызды кемелдендірейік.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (5)

Гүлнұр

Өте дұрыс қосыламын өзім демалып қайтамын театрға барсам????????????

Ақмарал

Өте дұрыс айтылған , жастар театрға қызықса , барса рухани азық алып қайтары сөзсіз

Асқарбек

Талабың таудай болсын

Жаксылык

Өте керемет!

Біреу

Театр – киім әлгіштен басталады.
Театр – мәдениет ошағы!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Театр тек қана қызықпа, әлде рухани азықпа? туралы не білуге болады?

Бұл бетте Театр тек қана қызықпа, әлде рухани азықпа? тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Әңгімелер мен мақалалар бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі басқа материалдар #театр тақырыбындағы материалдар #театрдағыбіркүн тақырыбындағы материалдар AsqarbekMereilim жариялаған басқа материалдар