«Артық ғылым кітапта , ерінбей оқып көруге»
Кітап – тұлғалық тұрғыдан даму процесін жылдамдататын баға жетпес қазына. Тіпті жан – дүниеңіздің рухани қорғаны іспеттес. Яғни , білім мен тәжірибенің жемісі , ой-санамыздың айнасы деп айта аламын. Сіз кітаптың мұқабасы мен кіріспесін оқыған сәттен бастап , өзіңіздің білмейтін дүниелеріңіздің көп екенін аңғарасыз. Ал оның әрбір парағын оқи отыра, тәніңіз бен жаныңызға рухани азық пен құнды материалдарды сіңіресіз. Сонымен қатар айналаңызға деген көзқарасыңыздың өзгергенін байқайсыз. Сіз шешімін таба алмай жүрген кейбір мәселелердің жауабын кітаптан табуыңыз әбден мүмкін. Жалпы кітаптың саналуан түрлері бар. Мысалы : әдеби,ғылыми ,психологиялық, методикалық, тарихи,діни және тағы басқалары. Аталмыш бағыттағы әр кітаптың адам баласына берері көп екені анық. Әр адам өз талғамына қарай таңдап оқуға мүмкіндігі бар, қатып қалған міндеттелген қағида жоқ. Ал сіз қай жанрдағы кітаптарды оқисыз?
Гаджеттер кітаптың орнын баса алады ма?
Қазіргі қоғамда кітап оқитын адамдардың саны бара-бара азаюда. Оған бірден–бір әсер ететеін фактор – гаджеттер. Біз қазір техника мен инфрақұрылымның дамыған заманында өмір сүріп жатырмыз. Алайда заманымыз осындай екен деп, білім мен ғылымды шетке ысырып қоюға болмайды. Техника мен инфрақұрылымды ары қарай дамыту үшін де, білім қажет емес пе ? Ал білімнің қайнар көзі – кітап екенін ұмытпағанымыз жөн. Күнделікті өмірде қоғамдық орындарда кітап немесе газет, журнал оқып жатқан адамдарды көру қиынның қиынына айналады деп кім ойлаған?Еңкейген қариядан,еңбектеген сәбиге дейін қарасаңыз, өмірлерін смартфонға байлап қойған.Бұл еліміздегі кітапқа деген қызығушылықтың төмендігін көрсетеді. Өткен жылы Астана қаласында дарынды оқушылардың форумында болдым. Онда қозғалған басты мәселе осы кітап оқуға құштар қоғамды қалыптастыру болған.Жиналған біз секілді дарынды жас жеткіншектерге адамның кітап оқығандағы және смартфон пайдаланғандағы ми томаграфиясын көрсетті.Ізденіс үстінде болып, кітап оқитын адамның миы әрдайым тез жұмыс жасауға және ақпаратты оңай қабылдап түсінуге бейім екен.Сол себептен мен гаджеттер ешқашан кітаптың орнын баса алмайды дегім келеді. Өйткені дәл кітап бере алатын жан азығын ешқандай техника алмастыра алмайды.Өзіңіздің бойыңыздан IQ деңгеңгейі жоғары дамыған тұлғаны көргіңіз келсе сізге кітап оқуға кеңес бремін!
ҚАЗАҚСТАН КІТАП ОҚЫМАЙТЫН ЕЛ АТАНДЫ
Даналықтың піріне айналған Әл-фараби, Абай,Шәкәрімдердің ұрпақтары бүгінгі таңда «кітап оқымайтын ел» атанды. World Population Review сайты әлемдегі 98 елді зерттеп, кітапқа құштар мемлекеттерді анықтаған болатын. Статистикалық деректер бойынша біздің Қазақстан Республикасының азаматтары кітап оқудан 92-ші орында екенін мәлімдеді. Ал көштің басында тұрған әлемдегі алпауыт мемлекеттердің бірі АҚШ екен. Дерек бойынша,ең көп кітап оқуды үрдіскеайналдырған жандар осында. Ең соңғы 98- ші орында Ауғанстан мемлекеті тұр. Ауғанстан мемлекетінен біздің айырмашылығымыз небәрі 6 орын. Қашаннан бері жалпыға бірдей білім алуға шектеу қойылған Ауғанстан мемлекетіменҚазақстан секілді зайырлы ел дәрежелес болатындай күйге жеттік деген ой ғана өзекті өртейді.
Кітапқа құштарлығы жоқ қоғам қандай болады?
Кітапқа деген қызығушылығы төмен қоғам мына тізімдегідей болады:
1- Білім деңгейі мен ой – өрісі шектеулі
2- Ғылым мен инновацияға бейімділік төмен
3- Ұлттық мұралар мен тарихты зерттеуге деген немқұрайлық
4- Бос уақыты көп адамдардың көбеюі
5- Әлеуметтік желілер мен ойындарға қызығушылық артуы
6- қоғамның білімсіз болуы
7- экономиканың құлдырауы мен баяу дамуы секілді аталмыш факторлар қалыптаса бастайды. Сондықтан күніне кем дегенде 15 минутымызды кітап оқуға арнағанымыз абзалырақ.
Кітап оқуды қалай трендке айналдырамыз?
Қазіргі таңда кітапқа құмар қоғамды қалыптастыру мақсатында түрлі челлендждер , марафондар ұйымдастырылып жатыр. Мысалыға айтар болсақ «1 ай-1 кітап» марафоны. Бұл марафонға қатысушылар өздерінің жанына жақын кітапты таңдап оқиды. 1 ай уақыт аясында мазмұнын түсініп оқып,қысқаша сюжетін оқырманға айтып әлеуметтік желідегі парақшасына жариялайды.Сонымен қатар өзінің парақшасына кітаптың әсерлі бөлігінен үзінді салып отырады. Яғни , кітап оқуды трендке айналдыруды көздейді.Бұл аталмыш жарыстар елді сауаттылыққа баулиды. Абай Құнанбаев атамыз «артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп бекер айтпаған.Құрметті оқырман, сіз күнделікті өмірде кітап оқисыз ба?
-
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі