Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлік

Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағыттары

Қазақстанның экономикасы соңғы онжылдықта айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, инновациялық даму бағытына бет бұрды. Бұл өзгерістер аясында кәсіпкерлік мемлекеттің экономикалық стратегиясының басты элементі ретінде қарастырылып отыр. Кәсіпкерлік пен инновациялық қызмет экономикалық дамыған елдерде әрдайым мемлекет тарапынан қолдау тауып, ынталандырылып келеді. Алайда, кәсіпкерліктің инновациялық процестерді өз бетімен бастауына қажетті жағдайлар жасалмаса, ол бұл үрдістерді толықтай жүзеге асыра алмайды.

 

Мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік қызметті қолдаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол мемлекеттің экономикалық және саяси жүйесін тиімді басқаруға, мемлекеттік қызметкерлердің жоғары кәсібилігіне, бизнесті дамытуға бағытталған саясаттың тиімділігіне негізделеді. Сонымен қатар, ашық есеп беру, билік органдарының бақылауға алынуы, және сыбайлас жемқорлықсыз жүйе мемлекеттің кәсіпкерлікті дамытудағы рөлін күшейтеді.

 

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. 2014 жылдың желтоқсан айындағы мәлімет бойынша, елде 700 000-нан астам кәсіпорын тіркелген. Бұл кәсіпорындар экономикалық дағдарысқа қарамастан, жыл сайын өсім көрсетіп келеді. Ұлттық статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2014 жылы белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындардың саны 4.2%-ға артты. Кәсіпорындардың басым бөлігі сауда және қызмет көрсету салаларында шоғырланған (33%).

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы елдің экономикасының өсуіне айтарлықтай үлес қосады.Алдымен, мұнай мен газ сияқты табиғи ресурстарға негізделген ірі кәсіпорындардан айырмашылығы, шағын және орта кәсіпкерліктің секторы экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді. Әртүрлі салалардағы шағын және орта кәсіпорындар экономикадағы тұрақсыздыққа бейімделіп, инновациялық шешімдерді оңайырақ енгізеді. Бұл елдің жалпы экономикалық тұрақтылығын арттырады.Екіншіден, шағын және орта кәсіпкерліктің  жұмыс орындарын құруға айтарлықтай үлес қосады. Қазақстанның ауылдық және аймақтық жерлерінде кәсіпорындар ашып, жергілікті халықты жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетеді. Бұл аймақтардағы экономикалық белсенділікті арттырып, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартады. Жұмыссыздықтың төмендеуі әлеуметтік мәселелерді шешуге де көмектеседі, соның ішінде халықтың әл-ауқатын арттыру және теңсіздікті азайту.Үшіншіден, орта және шағын кәсіпкерлік елдің инновациялық дамуына ықпал етеді.шағын және орта кәсіпкерліктің   секторы жаңа идеяларды жүзеге асыруда икемді болып келеді, жаңа технологияларды енгізуге және нарыққа жаңа өнімдер мен қызметтерді жылдам шығаруға бейім. Бұл Қазақстан экономикасын жаңғыртып, халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерліктің  әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы қоғамның өзекті мәселелеріне, мысалы, экология, білім беру немесе халықтың осал топтарына көмек көрсету секілді салаларға бағытталған жобалар іске асырылуда. Мұндай кәсіпорындар қоғамның дамуына тікелей әсер етіп, әлеуметтік жауапкершілікті арттырады..

Ал,шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы жолда туындайтың мәселелерге келсек:Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына бірқатар кедергілер әсер етуде. Олардың қатарына:

​•​Төмен төлем қабілеттілігі, әсіресе ауылдық аймақтарда;

​•​Айналым қаражаттарының жетіспеушілігі;

​•​Қымбат жабдықтармен қамтамасыз етілмеуі;

​•​Сапалы шикізат пен жартылай фабрикаттардың жетіспеушілігі;

​•​Шағын бизнестің, әсіресе ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласындағы төмен бәсекеге қабілеттілігі;

​•​Қаржылық және ғылыми мекемелердің аздығы;

​•​Коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауы.

Бұл мәселелер елдегі шағын және орта бизнестің жаһандық нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шешуді талап ететін маңызды факторлар болып табылады.

Ең алдымен,бұл мәселелерді шешу үшін Қазақстандағы реформаларды және мемлекеттік қолдауды күшейту керек.Мемлекеттік қолдау соңғы жылдары айтарлықтай күшейді. Елде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірқатар реформалар жүзеге асырылды, соның ішінде рұқсат беру жүйесін жеңілдету және кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды азайту шаралары қарастырылды. Мемлекет бизнес пен билік арасындағы диалогты жетілдіру жолында жүйелі жұмыс атқарып, кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда.

Екіншіден, мемлекет бизнес ортаны дамыту үшін заңнамалық актілерді жетілдіріп, шағын және орта кәсіпкерліктің қызметін жеңілдету мақсатында бірқатар салықтық жеңілдіктер ұсынды. Әсіресе, бизнес-білім беру саласында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар шағын кәсіпорындар үшін маңызды ресурстардың бірі болып табылады.

Бұдан бөлек, шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстандағы дамуы үшін келесі шараларды жүзеге асыру маңызды:

​1.​Таможендік одақ жағдайында бизнеске төнетін қауіптерді бақылау. Бұл қадам, қазақстандық кәсіпкерлердің сыртқы нарықтағыжағдайын ескеріп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылдауға көмектеседі.

​2.​Өндіріс саласындағы шағын кәсіпорындар үшін экономикалық қатынастар жүйесін жетілдіру. Бұл шағын кәсіпорындардың жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізі болады.

​3.​Шағын және орта бизнестің өнімдеріне мемлекеттік және нарықтық бағаны реттеу. Бұл шара ішкі нарықтағы төлем қабілетті сұранысты жандандырып, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

​4.​Кәсіпорындардың кірістілігін қамтамасыз ететін ең төменгі кепілдендірілген баға жүйесін енгізу. Бұл кәсіпорындардың кіріс деңгейін тұрақты етіп, олардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

​5.​Шағын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер ұсыну. Әсіресе, өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасап, олардың дамуын ынталандыру маңызды.

 

Саралай келе,Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуы мемлекеттің қолдауы нәтижесінде оң нәтиже көрсетуде. Бірақ бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жаһандық нарықта табысты болу үшін әлі де шешілуі қажет мәселелер бар. Мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес құралдарын пайдалану арқылы, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін арттырып, оның елдің тұрақты дамуына қосар үлесін күшейтуге болады


11

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз