Өлең, жыр, ақындар

Көп тіл білу – заман талабы ма?

    Тіл – әр ұлттың өзіндік ерекшелігі.

Осы тіл арқылы біз олардың тарихын, оқиғаларын, салт-дәстүрі мен мәдениетін біле аламыз. Қазақстан – қонақжай мемлекет. Мұнда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Осыған байланысты елімізде көптеген тілде сөйлейтін адамдар бар. Дегенмен, “Қазіргі заманда көп тіл білу – заман талабы ма?” деген сұраққа тоқталғым келеді. Қай заманда болмасын, бірнеше тілді меңгеру – мемлекет үшін де, жеке адам үшін де маңызды. Себебі тіл арқылы адам өз Отанына пайдасын тигізіп қана қоймай, өзінің болашағына, білім алуына, кәсіби өсуіне жол ашады.

    Қазіргі таңда көп тілді болу – халықаралық талапқа айналды. Әсіресе, әлемдік тілдерді меңгеру міндет саналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған “Үштұғырлы тіл” идеясында бұл нақты көрсетілген:

 • Қазақ тілі – мемлекеттік тіл,

 • Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі,

 • Ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кірігудің тілі.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Сондай-ақ Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облыстарында, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстанның жекелеген аймақтарында, Қытайда, Моңғолияда, Иранда, Ауғанстанда, Пәкістанда, Түркияда және басқа елдерде де таралған.

Ағылшын тілі – Батыс герман тілдер тобына жатады. Ол 7 континенттің 6-уында ресми тіл болып саналады. Бұл тілде сөйлейтіндердің 65%-ы – америкалықтар.

Орыс тілі – әлемдегі ең көп таралған тілдердің бірі. Бүгінгі таңда 260 миллион адам осы тілде сөйлейді, бұл көрсеткіш бойынша орыс тілі әлемде алтыншы орында.

Әр тіл – жаңа мәдениет, жаңа көзқарас. Осы үш тілді қатар меңгеру – үлкен мүмкіндік. Сондықтан, көп тіл білу және оны меңгеру – заман талабы.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жұмабаева Нұршат


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер