Ұлы тұлғалар рухани- мұрамыздың темірқазығы. Елінің ертеңін ойлап, халқының қамын жеген Абай, Ахмет,Әлихан, Мұхтар, Қаныш, Нұрқан, Міржақып сынды ұлт зиялылары ұрпағына сарқылмас рухани мұра қалдырды. Алаш арыстары-ұлттың санасын оятушылар. XX ғасырдың басында ұлтты оятқан Алаш зиялылары -Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы - қазақтың тілін, жерін, мемлекеттігін сақтап қалуға жанын салды. Ахметтің "Тіл - ұлттың жаны" деген ұстанымы қазақ тілінің мәртебесін көтеруге негіз болды. Мысалы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті. Ол Қазақстандағы ғылым мен білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Сол академияда қазақ зиялылары жеке-жеке пәнді бөліп алып, академиялық еңбек жазды. мМысал, Х.Досмұхамедов- анатомия заология,М. Дулатов С.Қожанов , Ә. Ермековтер - математика, Ж. Аймаутов - психология, М.Жұмабаев - педагогика Қ. Кемеңгерұлы - химия, Ж. Күдеріұлы - мәдениет, С. Сәдуақасов - театртану А. Байтұрсынұлы, Е. Омарұлы, Т. Шонанұлы Қ. Жобанов Н. Төреқұловтар - тіл саласын зерттеді. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - ғылымдағы ұлы жолбастаушы, қазақ халқының ғылыми- техникалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы ғалым. Ол геология саласындағы аса ірі жаңалықтармен қазақ жерінің табиғи байлығын ашты. Қаныш Сәтбаевтың башылығымен Қазақстанда мыс, көмір темір сияқты маңызды пайдалы қазбалардың кен орындары табылып, еліміздің дамуына үлес қосты. Ол Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып, ұлттық ғылымды ұйымдастырушы рөлін атқарды. Біліммен ғылымның ұлт үшін маңызын терең түсіне білген Сәтбаев жас ғалымдарды тәрбиелеуге де ерекше көңіл бөлді. Оның "Ғылымсыз елдің болашағы бұлыңғыр " деген ұстанымы бүгінгі күнге дейін мәнін жоғалтқан жоқ.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі