Өлең, жыр, ақындар

ОКБ:Өмірді басқарудағы қиындық

ОКБ: Өмірді басқарудағы қиындық

Көпшілік ОКБ-ны тек тазалыққа құмарлық деп қабылдайды. Алайда обсессивті-

компульсивті бұзылыс — адамның еркінен тыс туындайтын мазасыз ойлар мен

олардан арылу үшін орындалатын қайталама әрекеттерден тұратын күрделі

психикалық жағдай. Мұндай күйде өмір сүру — үнемі ішкі дауыспен күресу,

тыныштыққа ұмтылу. ОКБ психологиялық денсаулыққа айтарлықтай әсер етеді: адам

қарапайым шешім қабылдаудың өзінде қиналып, қайталанатын ойлар мен

әрекеттердің тұтқынына айналады. Кей жағдайларда обсессивті мазасыз, еріксіз

ойлар және компульсивті мәжбүрлі әрекеттер бұзылыстар жеке-жеке де байқалуы

мүмкін. Бұл адамның психикасына тұрақты қысым түсіріп, күнделікті өмір сапасын

төмендетеді.

Мен ОКБ туралы екі жыл бұрын кино арқылы білген едім. Сол кезде бұл маған

ақымақтық сияқты көрінген. Бірақ жақында кейбір адамдардың осы жағдайды бастан

кешкенін байқап, оның шын мәнінде емделуді қажет ететін күрделі екенін түсіндім.

Өзіңде осындай ойлар пайда болғанда, мен оларды мидағы жай ғана ой деп

қабылдап, өмірге қатысы жоқ екенін түсінуге тырысамын.ОКБ-мен ауыратын

жандарда жиі кездесетін мәжбүрлі әрекеттердің бірі — қолды шамадан тыс жуу.

Мұндай әрекет адамға уақытша ғана жеңілдік сыйлағанымен, жағдайды түбегейлі

шешпейді. Осы бұзылысты анықтау үшін мамандар арнайы диагностикалық құрал —

Йель-Браун шкаласын қолданады.Гарвард университетінің психикалық денсаулық

орталығы жүргізген зерттеуге сәйкес, ОКБ-мен ауыратын науқастардың шамамен

80%-ы өз әрекеттерінің қисынсыз екенін түсінсе де, оларды тоқтата алмайды. Йель-

Браун шкаласы осы мазасыз ойлар мен мәжбүрлі әрекеттердің жиілігін, ұзақтығын

және олардың күнделікті өмірге әсерін бағалауға көмектеседі.Обсессивті-

компульсивті бұзылысты емдеу — ұзақ әрі кешенді процесс. Емнің ең тиімді

жолдарының бірі — когнитивті-бихевиоралды терапия (КБТ). Бұл терапия адамды

мазасыз ойлармен күресуге емес, оларды қабылдап, сол ойларға деген көзқарасын

өзгертуге үйретеді. Мысалы, қолды жуу туралы ой келсе, оған ермей, әрекетсіз

бақылау тәсілдері қолданады.Кейде психотерапиямен бірге антидепрессанттар да

тағайындалады. Олар адамның мазасыздығын азайтуға көмектеседі. Бірақ мұндайдәрілерді тек дәрігердің бақылауымен қолдану керек.Ең бастысы — уақытында

маманға жүгіну. ОКБ — ұялатын дерт емес. Көмек сұрау — сауығудың алғашқы және

маңызды қадамы.

Обсессивті-компульсивті бұзылыс – көп адамның өмір сапасына кері әсер ететін,

бірақ емделетін психикалық жағдай. Өкінішке қарай, қоғамда бұл дерт туралы түсінік

әлі де төмен, ал кей адамдар оны мойындаудан ұялады. Алайда әр адам

психологиялық саулығына мән беріп, ішкі жан дүниесінде болып жатқан өзгерістерге

бейжай қарамауы керек. ОКБ-мен күресте ең маңызды қадамдар оны ерте байқап,

көмекке жүгіну. Себебі тыныш өмірге қадам тек өзіңді түсінуден басталады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз