ХХ ғасырдың 30–40 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін жылдары (1937–1938 ж. әсіресе) КСРО аумағындағы миллиондаған адамның тағдырын қиған.Соның ішінде талай қазақ ерлері пен қыздары кетті. Қазақ үшін бұл тек жеке адамдардың емес, тұтас ұлттың болашағына жасалған үлкен соққы болды.
Қазақстан тарихында белгісіз (не рас өте сом) себептермен ату жазасына кесілген үш қазақ қызының тағдыры ерекше еске түседі. Олардың өмірі кеңестік репрессия дәуірінде өтті — бұл ретте, ресми айыптардың көпшілігі кейін ақталды.
“Әйелге білім бермеу-ҰЛТТЫҢ ТҮБІНЕ ЖЕТУ”.Бұл-Шахзада Шонанованың сөзі.
Ол қазақ журналистикасында еркін оймен шыққан алғашқы әйелдердің бірі. Шахзада Аронқызы Қаратаева-Шонанова – Әбілхайыр ханның тұқымынан, әрі заңгер Бақытжан Қаратаевтың інісі Арон Қаратайұлының қызы. Анасы Хұсни-Жамал – Жәңгір ханның ұрпағы, қазақ қыздары арасынан алғаш мұғалім болғандарға жатады .Текті тұқымнан шыққан,қазақтың білімді қызы.Әйел теңдігі,білім мен әділет жайлы өькір мақалалар жазды.Қаламын Әлихан Бөкейхан мен Ғабит Мүсірепов аса бағалады.Ал билік оны сол үшін “тап жауының қызы”деп атады.
1936 жылы 20 қазанда ҚазМУ-дағы анатомия бөлмесінде өрт болды — ол лезде сөндірілгеніне қарамастан, 2 жыл өткен соң, НКВД оны саботаж санап, Шахзадаға жала жапты. 1938 жылғы тергеу хаттамасында ол “өз қолымен өрт тастағанын” мойындағаны жазылған:
“1936 жылы күзде ҚазМУ-ды өз қолыммен өртедім…”
Ақыры 1938 жылы 9 наурызда 35жасында ату жазасына кесіліді.Ал одан 10 күн бұрын күйеуі Телжан Шонановта атылды. Аты атылғандардың мәйіттері ауыл сыртындағы қазылған шұңқырға тасталған, куәгерлер әңгімесінде “сол күні атылған жалғыз әйел – Шахзада” дейді.Өкінішке орай,жазықсыз құрбан қазақ әйелінің қай жерде жерленгені әлі күнге дейін белгісіз.1958 жылы “қылмыс құрамының жоқтығына байланысты”ақталған.
Міне дәл Шахзада секілді жазықсыз атылған қайсар,білімге құштар,ұлт жанашыры бола білген қазақ қыздары қаншама. Шахзада Шонанова, Торғай Сүлейменова және Мәмилә Таңатова — Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргіннің символы. Олардың өлімі қоғамдық әділетсіздіктің, жалған айып тағудың, және тергеусіз үкім шығарудың салдарын көрсетеді. Адамдардың өмірін ресми сотталмағандықтан, бүгінгі күнге дейін «не себептен?» деген сұраққа нақты жауап жоқ. Репрессия құрбандары ретінде олар кейін ақталып, тарихи әділдік орнатылғанымен, олардың мұралары мен тағдырлары әлі толық зерттелмеген.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі