Қоғам дамыған сайын цифрлық кеңістіктің рөлі артып келеді. Әлеуметтік желілер бүгінде тек адамдарды байланыстыратын құрал емес, сонымен қатар ақпарат алмасу, пікір білдіру және мәдени үрдістерді қалыптастыру алаңына айналды. Қазақстанда да, әлемде де әлеуметтік желілердің өскелең ұрпаққа ықпалы күшейіп, оның оң және теріс жақтары жиі талқылануда. Қазақстанда интернетке қолжетімділік деңгейі жоғары – халықтың 92,9%-ы, яғни шамамен 19,2 миллион адам онлайн кеңістікте белсенді. Оның ішінде 15,7 миллион қазақстандықтың әлеуметтік желілерде аккаунты бар. Бұл – ел халқының шамамен 75,7%-ы.
Жастардың басты таңдауы – TikTok пен Instagram
Соңғы жылдары TikTok Қазақстандағы ең танымал платформаға айналды. 15,7 миллион қолданушысы бар бұл желі жастар арасында кеңінен таралды. TikTok-та ерлердің үлесі – 56%, әйелдердің үлесі – 44%. Бұл платформа жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, күнделікті ақпарат алу және трендтерді қадағалау әдетін қалыптастырды.
Instagram да өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Қазақстанда оның 12,4 миллион пайдаланушысы бар. Бұл – ел халқының 59,8%-ы немесе 13 жастан асқан азаматтардың 80,3%-ы. Платформада әйелдер саны басым (60%), ал ерлер – 40%. Instagram жастар үшін өзін-өзі таныту, фото және видео арқылы имидж қалыптастыру, сондай-ақ білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болып отыр. Жас ерекшелігі де айтарлықтай рөл атқарады. Instagram қолданушыларының 62%-ын 18–29 жас аралығындағы жастар құрайды, 30–40 жастағылар – 26%, ал 41 жастан асқандар – небәрі 12%.
Жастардың әлеуметтік желіні пайдалану мақсаты
Жас буын әртүрлі мақсатта әлеуметтік желілерге жүгінеді:
56%-ы бейне мен музыка көруге,
44%-ы жаңалық оқуға,
26%-ы достарымен қарым-қатынас жасауға,
19%-ы білім алу немесе жұмысқа дайындалу үшін пайдаланады.
Артықшылықтары мен қауіптері
Әлеуметтік желілердің жастар үшін пайдасы да, зияны да бар. Бір жағынан, олар жаңа идеялар іздеп, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, жалған ақпаратқа алданып қалу, уақытты тиімсіз өткізу немесе виртуалды тәуелділікке ұшырау қаупі бар.
Journiverse білім беру орталығының оқушысы: Даумбекова Нұрзада
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі