Бейбітшілік достықтан басталады
Украина азаматы Виктор Шорохов, ресейлік әріптесі (бәлкім жұмысшысы) Гаджиге айфон сыйлады. Ол біраз уақыт телефон аксессуарларын бірге сатысқан Гаджи атты досына: "Сен - Ресей азаматысың. Мен - украиналықпын. Біз - бауырмыз! Мен саған өзімнің шағын сыйлығымды табыстағым келеді. Мына телефонды ала ғой. Бейбітшілік - президенттерден басталмайды. Бейбітшілік - бізден басталады! Ала ғой...!" - деді.
- Әзілдеп тұрсың ба?! - деді Гаджи толқып.
- Жоооқ! - деді Виктор.
- Мәссаған, мүлдем күтпедім.. (Гаджи қуаныштан көз жасын сүртеді.)
- Келе ғой бауырым..?!- деп Виктор телефонды беріп, досын құшақтады.)
Бір ғана адамның адал, достық ниеті, жомарттығы.. әлемді өзгертеді. Виктор секілді адамдар көп болсын.
Гүлмекен Қасенбайқызы
09.01.2026 ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі