Уақыт.Оны қалай үнемді өткіземіз?

Басты бет / bilim-all.kz / Уақыт.Оны қалай үнемді өткіземіз?

 

Уақыт — ол өмірдің ағымы. Оның қай бағытта және қандай жылдамдықпен жүретіні беймәлім. Нақты айтсақ, оны біз жадымызда қалар естелік деп те, сарқылмас үміт пен құпия мүмкіндік ретінде де қарастыра аламыз.

Ал бізді мазалайтын түбірлі сұрақ: «Уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?».

Жалпы, күнделікті өмірде өз уақытымызды үнемдемек түгіл, артық минут таба алмай немесе, керісінше, оның тез өтуін қалап, минут санап кетуіміз — қалыпты жағдай. Алайда: «Уақыт жоқ», «Уақыт өтіп жатыр», «Ештеңеге үлгермеймін», «Бәрі де кеш» деп өзімізді басып, іштей иландыру — уақыттың жетпеуіне басты себеп. Өйткені осылай айту арқылы біз уақытпен алысып қана қоймай, алға деген ұмтылыстан айырылып, уақыт пен дүние арасында жоғаламыз.Уақыт жетіспейді деп үнемі шағымданып өмір сүрудің орнына,бар уақытты қадірлеп,оны дұрыс бағытқа,сүйікті ісімізге,кейінге шегерілмейтін жұмысқа бағыттай білейік.

Ең бастысы — өткенді қуамын деп, нағыз сәттен айырылып қалмау!



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)