Өлең, жыр, ақындар

Баланы тәрбиелеудің 4 кезеңі

Бала  тәрбиесінде  — отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері  мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы  өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені, ата-ана — басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүті мен абзал тәрбиесінің жемісі.

Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдулла Авлонийдің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, —  сөзінен белгілі. Сондықтан, тәрбиені 4 негізгі сатыға бөліп көрсетуді жөн санадық.

Бірінші кезең: бес жасқа дейінгі кезең.

Бес жасқа дейін белсенділік, танымдық және өмірге қызығушылық секілді қасиеттер орнығады. Тыйым салып, жазғырудан гөрі, бұл кезеңде баланы алдаусырату керек. Балаға жаза берудің бірден бір себебі – олардың есесін қайтара алмауында жатыр. Егер сәбиіңіз қауіпті бір нәрсе жасар болса, қорыққан кейіп жасап, қорыққан дауыс шығарыңыз. Бала ол тілді өте жақсы түсінеді. Баланы бес жасқа дейін басып тастар болсақ, онда біз баланың белсенділігін, өмірге деген қызығушылығын, интелллектін және иммунитетін де басып аламыз. Балаңызды уайымсыз бойұсынуға үйретіңіз.

Екінші кезең: бес жастан он жас аралығы.

Бес жастан он жас аралығы – бағыну мен өмір заңдарын үйрену кезеңі. Бұл кезеңде баланың ақыл- парасаты мен логикасы белсенді түрде дамиды. Бала айналасындағы адамдардың оның жасаған істеріне қалай қарайтынын саралайтын кезеңде және жағымсыз көзқарасты мейлінше байқамауы керек. Бұл кезде баланы білім алу, тапсырма беру және оларды талап етуден қорықпаңыз. Егер бес жастан кейін де баланы еркелете берер болсаңыз, балаңыз ұшқалақ, жұмысқа қабілетсіз әрі рухани жұтаң болып өседі.

Үшінші кезең: он жас пен он бес жас аралығы.

Он жастан соң балаңызбен әр мәселеде кеңесіңіз. Өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның шешімі ұнамаса, тікелей тыйымнан гөрі, оның соңының жақсы болмайтынын айтып түсіндіріңіз. Бұл кезде дербестік пен сананың тәуелсіздігі дамиды. Балаға кішкентай сәби секілді қарар болсаңыз, бала өмірге төселмеген болып кетеді, өзге жолдастарының қасында тәуелді болып қалады.

Соңғы кезең: он бес жастан кейінгі кезең.

Он бес жастан соң – сыйластықпен қарым- қатынас жасаңыз. Баланы бұл шақта тәрбиелеу- кеш. Бұл кезде сіз өз еңбегіңіздің жемісін ғана көре аласыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

erbo_85

Бәрекелді,  керекті кеңестер екен рахмет 

Айжан

оте оте ж

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз