Өлең, жыр, ақындар

ТРИЗ ойды дамытады

Х.Наубетов атындағы орта мектеп
6 "д" сынып оқушысы Закария Аманқалдық
Сынып жетекшісі Борашева Гүлбаршын
Қазақ тілі пәні мұғалімі Қуанышева Майра Ізбасарқызы

 

Мен алтыншы сыныпта оқимын. Сыныпта он алты оқушы бар. Қазақ тілі пәнінен беретін Майра апай түрлі әдісерді үйретеді.  Маған ТРИЗ қатты ұнайды. Себебі ол ойды тез дамытады. Сабақта осы әдісті қолданса бірге топтасып жұмыс жасаймыз. Үндемейтін оқушылар да бірігіп ойларын айтып жатады. Бізге бұл әдіс қызық, әрі көңілді. Ойымызды бір-біріміз арқылы толықтырамыз. Ал жеке жұмыс бергенде оқушылар еріксіз сөйлеп кетеді. Сыныптың балалары осы әдіс ақыл ойды дамытады, керемет деп жатады. Апайымыз сыныпқа кіргенде қандай технологияны жүргізесіз деп сұраймыз. Бізге бірнеше технологияның әдістерін үйретті. Бірақ бізге көбінесе ТРИЗ ұнайды.

 

                                 Қазақ тілі сабағы

                                 Бізге қатты ұнайды.

                                 ТРИЗ әдісі біздердің,

                                 Көңілімізден шығады.

Апайымыз ашық сабақ жақсы шықты деп біздерді мақтайды. Бізде қуанып, мәз болып қаламыз. Біздің сабағымыз осындай әдістермен толық түсінікті болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз