Өлең, жыр, ақындар

«Домбыра» бисерден жасалған сувенир

Атырау қаласы
№4 облыстық шипажайлы мектеп-интернатының
6 "а" сынып оқушысы: Игилманова Аяулым
Технология пәнінің мұғалімі
Жетекшісі  Рысқалиева Айгүл Бағытжанқызы

 

Жұмысының жасалған уақыты:  1 – ай.

 

Байланыс құралы:

Мақсаты: Оқушының жеке шығармашылығын қазақи нақышқа баулу, ұлттық қолөнер құндылығын ұғындыра отырып, сүйіспеншілік пен патриоттылыққа тәрбиелеуге жол ашу арқылы бабалар мұрасын насихаттау.

Қауіпсіздік ережесі: Жұмысқа кіріспес бұрын, оқушы мен жетекшінің формасын киюі, яғни, шашын өріп бас киім кию, алжапқыш тағу, құрал-жабдықтарын реттестіруі;

Қайшымен қалыпты жұмыс, инені мұқият тиянақты ұстау, су моншақпен еркін, қалыпты жұмыс жасауы;

Қолданылған материал мен құрал-жабдықтар: Ресей капрон шарғы жібі, су моншаққа арналған инесі, түрлы-түсті биссер моншағы, ПВХ желімі, қатты қатырма қағаз, қайшы және мата;

Байқау талабына сай орындалған жұмыстың мәтіндік сипаты:

Домбыра құрлысына қысқаша сипаттама: Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Жұмысқа кірісу іс-әрекеті: Алдымен жайылған мата үстіне су моншақты орналастырамыз. Қажетті құралдарды қайшы, жіп, ине, т.б. мата жанына ыңғайлы етіп сайлап аламыз. артынша жұмысқа кірісу арқылы Ресей капрон жібін биссер инесінің көзінен өтетіндей етіп, қос қабаттап өткіземіз.

                                                                                                                  Жұмысқа кірісу кезіндегі суреті

 

Ине көзінен өткен 4 жіптің басын кішкене ғана түйіншектеу арқылы 5 қоңыр моншақты өткіземіз. Яғни, біздің бастағалы отырған «Домбыра» бұйымының мойын бөлігін 5 су моншақ арқылы іліп алып, артынша сол ретке қарама-қарсы бағытпен жүре отырып, бұйымның мойын бөлігін ұзартамыз. Ұзара түскен әр ара-қашықтықта пернелерді орлаластыру.

     Мойын ұзындығының суреті

Ұзарған мойын бөлігіне Домбыра аспабының бетқақпағын, яғни, бастапқы 5 моншаққа 6,7-інші моншақтарды қақ ортасынан қосып отыру арқылы көлемін арттырып бетқақпақ бөлігін жалғастырып әкету. Жалғасқан бетқақпақ бөлігі аспаптың тұрпатына сай дөңес келуіне байланысты, көлемі жағынан өскен қалыптың екі жағынан моншақтарды біріктіру, қосу арқылы қысқартып, тоқуды жалғастыру. Жұмысты жалғастыра келе, домбыра тұрпатына әбден сай болған кезде ғана тоқтатып, домбыра бетқақпақ бөлігінің екі жақ семмитриялық сақталуын қадағалап, өлшеу. Бетқақпақ бөлігінің дөңес тоқылған суреті.

Аспаптың мойын бөлігіне жоғарғы жақ шалқая орналасқан бас бөлігі мен құлақ бұрандаларын тоқуды жалғастырамыз. Ол үшін мойын бөлігінің жоғары жағына су моншақтың 1-2 ретпен тоқыла басталған бойына моншақ қосу арқылы қалыпқа ыңғайлы етіп шығарып аламыз. Және құлақ бұрандаларында орналастырамыз.

Аспаптың бас бөлігі

Бұйымның бас бөлігі мен мойын және бетқақпақ бөлігінің дайын болуы жұмыстың аяқталғаны емес, керісінше жаңа басталғаны іспетті жаңа серпін береді. Өйткені бұйымның көңіліңнен шығып, әдемі эстетикалық талғамыңа сайлылығы жұмыстың тез әрі әдемі шығуына ерекше өзіндік үлесін қосады. Мінекей, домбыра аспабының алдыңғы бедері:

Домбыра аспабының алдыңғы бедері

Еш тоқтамастан бұйымның тезірек біткенің қалаған оқушымыз екеуміз мүдірместен аспаптың артқы дөңес бөлігін тоқуға кірістік. Бірақ алдымен, бұйым орнықты тұру үшін қатты қартон қағазбен  ПВХ желімін пайдалана отырып, беткі үлгісі дайын болған жартылай өнімді теріс айналдырып мойын, бас, бетқақпақтың үлгісіндей етіп қатты қағазды қиып, желімдедік. Желімделген бөлігінің тез кепкенін қалаған оқушы бұйым кебісімен сыртқы дөңес жартылай цилиндр бөлігін бастауға кірісті.

Бұйымның артқы жартылай цилиндр бөлігі

Осы реттен жаңылмастан алдыңғы бетқақпақ бөлігіне сай артқы бөлігінен жартылай цилиндр етіп, яғни, мойын артымен тоқылған жартылай цилиндр ретімен тағыда моншақ қосу арқылы дөңес ету. Бұл жолы да көлемін әр жүрген жол ретінше арттырып отыру. Сонда бұйымның жасалу жолы осындай болады:

 

 

 

 

 

 

Мойын және бетқақпақ бөлігінің артқы дөңес бөліктері

 

Жұмыс қорытындысы:

Домбыра. Домбыра бұл – қазақ халқының сан ғасырлық тарихымен астасқан ұлттық қазынаға толы аспабы. Домбырадан ән мен күй, терме-жыр төгіліп, қуаныш пен қайғыда да қатар сарнаған. Сол аспаптың құдіреттілігі мен қасиетінің жоғары болуына байланысты әр шаңырақтың жерінде жатпаған. Керісінше қамшысы мен қатар төрге іліп немесе жоғары көрнекілік жерге орналастырып қастерлеп қойған.

Осындай құнды ата-баба мұрасын ағаштан нақ өзін терлеп тұрып жасамасам да, су моншақпен тоқып кішкентай сый бұйымы етіп жасағанымды үлкен жеңіс деп ойлаймын.

Дайын болған бұйым ұзындығы – 30 см, мойын қалыңдығы – 3см, ал бетқақпақ арты бүйір беті - ?? см. «Домбыра» сый бұйымы үш түрлі қазақтың қоңырқай сүйікті түстерімен араласып тоқылды.

 Дайын суреті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз