Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тіліне үйрететін бірде-бір дұрыс әдістеме жоқ - БҒМ

Елімізде қазақ тіліне үйрететін бірде-бір дұрыс әдістеме жоқ. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім  етті.

«Тілді үйрететін әдістемелер басқа елдерде баршылық. Бірақ бізде жоқ. Қазақтың балалары шет елдерге барып, олардың тілін бес-алты айдың айналасында үйреніп шығады. Оқып, түсініп, жаза алады. Дәл осындай қазақ тілін үйрететін әдістеме бізде жоқ. Сондықтан да, осы олқылықты толтыру үшін екі бағытта жұмыс істеп жатырмыз», -деді Е. Сағадиев.

Оның айтуынша, қазақ тілін үйрететін жаңа технологиялар әзірленіп жатыр. Екіншіден, әдістеме енгізу мамандарынан жастарды шет елдердегі халықаралық институттарға жіберу көзделеді. «Израильмен, Германиямен келісіп жатырмыз. «Әдістемелер дайындайтын Мекке» саналып келген Гарвард университетінде де оқытып, әдіскерлер арқылы қазақ тілін дамытудың жаңа тәсілдерін меңгеретін боламыз», - деді министр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

шералы аға

Министр мырза!Сенің пікіріңмен қосылмаймын.Арғы жағына бармай ақ қойайық,қайта құру кезеңінен бері қаншама əдістік оқулықтар шығарылды.Оларды Сіздің алдыңыздағы Білім министірлері жəне Өкімет қаулыларымен бекітті.Əдістемелерді жазған,оларды бекіткен Тұлғалар Сіздің ойыңызша ақымақтар ма? Жауап беріңіз.Қазақ тілі Мемлекетімізде ресми түрде қолданылмаса ,ешқашан ТІЛІМІЗ дамымайды.Соны мойындауымыз керек.Менің ұсынысым,барлық жерде Қазақ тілі қолданылсын.Екі тілділік- үш тілділік дегенді қою керек.Тіл үйренетін адам Өзі үшін үйренуі керек.Ол үшін Халқтық Мемлекеттің ақшашын шашпа!

Жанат

Бізге орыс тілін үйрену кезінде қандай қажеттілік тудырса, қазір де қазақ тілін үйрену үшін қажеттілік тудыру керек. Тілімізді құрдымға жіберудің басты жолын ұсынып отырсыз. Қазір шет тілін білмеген адам шетелге бара алмағандықтан олар өз қажеттілігі үшін үйреніп отыр.Сол сияқты ана тілімізге қажеттілік тудыру керек. Оған бола халықтың ақшасын шашуға болмайды

Қазақ

Алысқа барып көзбояушылық жасамая қойса қайтеді енді . Бұл əдісі тек жазбаша түрде ғана шығар . Ел басын көрінуі үшін. Шет елге шығармай өз елін үйретіп алмайдыма. Өзі де шала пұлұла сөйлейді. Кімді ақымақ қылғысы келеді осылар. Өз тəжерибелерін жасаймыз деп қазіргі ұрпақты ақымақ қылып бітірді əбден. Балық басынан шірейді деген қазақ.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар