Өлең, жыр, ақындар

Осы шебер айла-тәсілдің арқасында мұғалім нашар оқушылардың санын азайтты

Мұғалім ерекше ойдың арқасында артқы партаға қашатын, нашар оқитын оқушыларға білімнің қаншалықты маңызды екенін түсіндіре алды.

Мектеп оқытушысы оқушыларына өмірлік маңызды сабақты жеткізе алды. Ол мұны іш пыстырарлық лекция арқылы емес, одан да қызығырақ, интерактивті жаттығулар арқылы үйретті. Оған бар-жоғы мыжылған бір парақ қағаз (әр оқушы үшін) бен сыныптың алдыңғы жағында орналасқан қоқыс жәшігі керек болды.

Бұдан кейін ол шарт қойды: «Өздеріңді сынып емес, еліміздің халқы деп елестетіңдер. Әркімнің байып кетуге мүмкіндігі бар. Бірақ жоғарғы қоғамға өту үшін өз мыжылған қағазыңды қоқыс жәшігіне орныңнан тұрмай лақтыруың керек».

Нәтиже алдын ала болжалғандай болды. Алдыңғы қатарда отырғандардың көбі жәшікке дәл тиді, ал соңғы партада отырғандар тапсырманы орындай алмады.

Оқытушы мұны былай түсіндірді: «Мақсатыңызға жақын болған сайын, оған жету мүмкіндігіңіз де арта түседі. Бұл артықшылықты пайдалану керек. Қалауыңыздан алыста болғанда, өзіңізді ақтап алатын сылтау іздей бастайсыз, тең емес жағдай жасады деп біреулерді кінәлайсыз, көптеген кедергілерді көресіз. Ал басынан алда жүрген адамның көңілі тапсырманы орындауда ғана болады, ол тіпті оған берілген артықшылық жайлы да ойламайды.

Міне, бұл осылай жұмыс істейді. Артықшылық болашақ жайлы және осы шақ жайлы айқын көріністі бере алады. Ол дәл сол мақсатқа жеткісі келетін, бірақ артта тұрған адамдарды ғана мазалап, көңілін бөледі. Шын мәнінде, артықшылықты пайдаланатын адамдар, оны ешқашан көрмегендер үшін кедергі болады».

Мұғалім негізгі қорытындыны жасағанша балалар айтылған теорияны ұғынуға тырысты. Оқытушы сөзін былай жалғады: «Шын мәнінде, дәл қазір, сендердің әрқайсыңда табысты болуға жетелейтін артықшылық бар. Бұл – білім. Болашақта оның артықшылығын оңай қолдана аласың, артқы қатарларды, сылтаулар мен кінәлауларды таңдағандарды басып озып, қалауыңа қол жеткізесің».

Әлбетте, келешегі бар балаларды тәрбиелеу мұнымен бітпейді, бірақ басты негіз қаланғанына күмәніңіз болмасын. Балаңыз болашақта табысты болсын десеңіз осы ақиқатты түсінуге көмектесіңіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Жәнібек

Бізде де тапқыр да ерекше мұғалімдер бар шығар. Стандарт деген нәрсе жақсы емес. Ерекше болу керек!

Жәнібекке

Жәнібек, дұрыс айтасың! Бір нәрсемен шектеліп қалмай, зертеу керек, даму керек, үйрену... Ерекше болу керек! Өскелең ұрпақ жаңалық ашсын десек, ерекше тұлға болсын десек ЕРЕКШЕ, өзгеше тәсілдерді жиі пайдалану керек!

Айка

Қазір мұғалімдердің көбісі бойы ұзын оқушыларды артқы партаға отырғызып қояды,алдыңғы партаға отырғызбайды ! Мұны қалай түсінеміз?!

Айқаға

Түсінбесең барып сұроап ал, ще қиын ба не

Юа

Жаксы айтылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар