Уақыт өлшемдері

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы деректер / Уақыт өлшемдері

Уақыт өлшемдері — Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміндегі материал.

Материал — Уақыт өлшемдері, уақыт — осы тақырыптарға байланысты.

Қас пен көздің арасы – халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша деген мағынаны білдіреді.
Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) – жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7 - 1 сек аралығы.
Сүт пісірім – халықтық өлшем, ширек сағат шамасы, шамамен 15 минут
Бие сауымдай уақыт – биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл.
Таң сәрі – Шолпан жұлдызының туған мезгілі.
Бозала таң – күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы.
Таң ата – күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл.
Сәске – күн шығып, арқан бойы көтерілген кез.
Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.
Тал түс – күннің тас төбеге келуі, яғни, мысалы, қазықтың көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі.
Сәске түс – шаңқай түс мезгілі немесе күннің қиғаш 45 градуспен түсуі, яғни, мысалы, қазықтың өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез.
Кешқұрым – күн батқан кез.
Түн ортасы – түнгі сағат 12.
Түн жарым – түнгі сағат 3.
Ат адым – ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең.
Елік адым – қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді.
Қарға адым – каңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (6)

????асем

Рахмет

Арай

Кереметтттттт

Арай

Керемет

Кəусар

Керемет

Әлия

Норм деп ойлайм но тук тусын бедым оқуға жел жок ????

Сапабек

Қазақ халқының даналығынан асқан өсиет жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыт өлшемдері деген не?

Бұл бетте Уақыт өлшемдері тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Уақыт өлшемдері материалы Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміндегі басқа материалдар Уақыт өлшемдері тақырыбындағы материалдар уақыт тақырыбындағы материалдар Samina жариялаған басқа материалдар