Атыраудағы құрылысы ұзаққа созылған балабақша Сағынтаевтың шамына тиді

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Атыраудағы құрылысы ұзаққа созылған балабақша Сағынтаевтың шамына тиді

Атыраудағы құрылысы ұзаққа созылған балабақша Сағынтаевтың шамына тиді — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Атырау облысы, ҚР Үкіметі, Құрылыс, балабақша — осы тақырыптарға байланысты.

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа өңірдегі балабақша құрылыстары барысын жеке бақылауға алуды тапсырды.

«2004 жылдан бері сізде бірде-бір балабақша берілмепті, бұған қоса, 2 мектептің құрылысы аяқталмаған. Неге?», - деп сұрады Үкімет басшысы  Н.Ноғаевтан.

Бұл ретте облыс басшысы Атырау өңірінде 3 проблемалы мәселе бар екендігін мойындады. «Оның бірі «Нұрсая» шағынауданындағы мектеп. Біз оны келесі жылы пайдалануға береміз. 2014 жылдан бері келе жатқан екінші мәселе  - бұл жұмыстардың сапасыз жүргізілуіне байланысты балабақшалардың пайдалануға берілмеуі. Біз бұл нысанды да таяу уақытта беруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Мақат ауданындағы мектеп құрылысын да осы жылы аяқтаймыз. Тұрғын үй құрылысы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілді. Барлық қаржы игерілді», - деді Н.Ноғаев.

Мұнан бөлек, ол қазіргі уақытта облыста 44 көпқабатты және 15 бір қабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты.

Осы ретте Б.Сағынтаев облыс әкіміне бұл мәселелерді шешуді әрі өңірдегі балабақшалар құрылысын өз бақылауына алуды қатаң тапсырды.

«Бір балабақшаның құрылысы үш жыл бойы неліктен аяқталмай отыр? Неге бақылау жоқ. Сізге осыған назар аударуыңызды өтінемін», - деді Үкімет басшысы.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Атыраудағы құрылысы ұзаққа созылған балабақша Сағынтаевтың шамына тиді деген не?

Бұл бетте Атыраудағы құрылысы ұзаққа созылған балабақша Сағынтаевтың шамына тиді тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Атыраудағы құрылысы ұзаққа созылған балабақша Сағынтаевтың шамына тиді материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар Атырау облысы тақырыбындағы материалдар ҚР Үкіметі тақырыбындағы материалдар Құрылыс тақырыбындағы материалдар балабақша тақырыбындағы материалдар