Сіріңке қалай жасалады?

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы деректер / Сіріңке қалай жасалады?

Сіріңке қалай жасалады? — Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміндегі материал.

Материал — Сіріңке қалай жасалады, сіріңке, фосфор — осы тақырыптарға байланысты.

Ең алғаш сіріңке 1833 жылдың 10 сәуірінде ойлап табылған. Сол кезде сіріңкенің басының массасына сары фосфор енгізілді. Дәл осы күн алғашқы сіріңкенің туылған күні болып есептеледі.  

Сіріңкені неден жасайды?

Сіріңке өндіретін кәсіпорындардың көпшілігі оны көктеректен жасайды. Бұдан басқа жөке ағашын, терек және де басқа ағаш түрлерін пайдаланады. Сіріңке дайындайтын арнайы машина сегіз сағаттық жұмыс күнінде 10 млн экземплярға дейін өндіре алады.

Сіріңке неге жанады?

Біз шырпының басын қорап қабырғасына үйкегенде химиялық реакциялар сериясы басталады. Қорапқа жағынды жағылған. Ол қызыл фосфордан, толтырғыштан және желімнен тұрады.  Үйкелген сәтте қызыл фосфор бөлшектері аққа ауысады, ол қызып, 50 градусқа жеткенде жана бастайды. Алдымен сіріңке емес, қорап жанады. Қораптағы жағынды бірден толықтай өртеніп кетпеуі үшін оның құрамына флегматизатор енгізеді. Олар бөлінген жылудың біраз бөлігін жұтып алады.

Сіріңкенің басының массасының жартысы – тотықтырғыштар, соның ішінде бертолет тұзы. Ыдырау кезінде ол оттегіні оңай береді. Бертолет тұзының ыдырау температурасын азайту үшін, массаның құрамына катализатор, яғни марганецтің қос тотығын қосады. Бұл жердегі негізгі жанғыш зат – қүқірт. Басы тез жанып және бөлшектеніп кетпеуі үшін массаға ұнтақталған әйнек, мырыш ағартқысы, темірден жасалған қызыл бояу сияқты толықтырғыштар қосады. Мұның бәрі бірге әртүрлі желімдермен біріктірілген.

Қандай сіріңкелер бар?

Жай (тұрмыстық) сіріңкеден бөлек, арнайы сіріңкелердің 100 жуық түрі бар. Олар өлшемі, түсі, құрамы және жану деңгейі бойынша ерекшеленеді. 

Ең таралған түрлері:

– дауылдық — су астында да, желде де жана береді;

– қызулық — олар жылуды көп бөлетіндіктен, олармен дәнекерлеуге болады;

– дабылдық — түрлі түсті жалын шығара алады;

– алауошақтық және газдық— алауошақ және газ плитасын жағуға арналған ұзын сіріңкелер;

– фотографиялық — сәттік жарқыл жасау үшін қолданылады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Нұрдәулет

Бертолий тұзы, күкірт

Африка

Сіріңке жасайтын ағаш қалай аталады. ?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сіріңке қалай жасалады? деген не?

Бұл бетте Сіріңке қалай жасалады? тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Сіріңке қалай жасалады? материалы Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміндегі басқа материалдар Сіріңке қалай жасалады тақырыбындағы материалдар сіріңке тақырыбындағы материалдар фосфор тақырыбындағы материалдар