Өлең, жыр, ақындар

Бес күндік оқу жүйесі мұғалімдердің жалақысына қалай әсер етеді?

Бес күндік оқу жүйесі мұғалімдердің жалақысын қысқартуға себеп болмайды. Білім министрлігі қайта педагогтардың жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.

Білім беру реформалары мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді. Биылғы жылдан бастап бірінші сынып оқушылары бес күндік оқу жүйесіне көшеді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, мектептерге 12 жылдық білім беру бағдарламасы енгізілгеннен кейін тіпті мұғалімдердің жалақысын көтеру жоспарланып отыр.

«2019 жылдан бастап елімізде жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылады. Айта кетейік, педагогтардың еңбекақысын қысқартпаймыз. Олардың жалақысын өсіру жоспарымызда бар, бірақ бұл әзірге жоспар ғана. Қашан екені белгісіз», - деп хабарлады informburo.kz порталына министрліктен.

12 жылдық білім беру схемасы бойынша «0 сынып (мектепалды даярлық)+11 сынып» принципі бойынша енгізіледі. Барлық сыныптарды жаңартылған мазмұнға көшіру 2020 жылға қарай аяқталады. 12 жылдық білім беру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі. Яғни 2016 жылы – 1 сыныптар, 2017 жылы – 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы – 3,6,8, 10 сыныптар, 2019 жылы – 4,9, 11 сыныптар көшіріледі.

Айта кетейік, 2016 жылдың наурызында БҒМ мектептерді бес күндікке көшіру схемасын бекітті. Қазақстан Президенті оқушыларды бес күндік оқу аптасына көшіру туралы шешімді қолдап, бірқатар пәнді біріктіруді ұсынды.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

Гүлбану

бес күн оқығанымен мұғалімдерге сенбі демалыс беріп жатқан жоқ қой. біз демалсақ артық, тегін ақша алып қойып үкімет желініп қалады ау)

Разия Шәріпқызы

Білім министрі ұйықтап қалды ма тезірек 2017-2018 оқу жылының апталық жүктемесін бекітпей ме?

Гулайым

Тіпті каникул кездері сағат 14.00 дейін отырғызады мектепке.

нуржан

жалақыны көтерген соң барлығына бірдей көтеру керек

маржан

30 паиыз көбеиген жалақыны қашан аламыз

Асылым

Оқушыларға жанартылған бағдарлама оте киын женилдету керек билим министри

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар