Өлең, жыр, ақындар

Cидней қаласы туралы қызықты деректер

Cидней қаласы

Австралияның ең үлкен қаласы. Қала Тынық мұхитының жағалауындағы алапта орналасқан.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының әкімшілік орталығы.

1788 жылы құрылған.

Халық саны миллионнан астам адам.

Көлемі 12144,6 шаршы шақырым.

Ресми тілі: австралиялық ағылшын.

Валютасы: австралиялық доллар.

 

Сидней Опера Театры

Автралияның басты символы. Беннелонг Пойнт айлағында орналасқан.

Жоба сәулетшісі – даттық Йорн Утзон. Ол осы жобасы үшін сәулет өнеріндегі ең жоғарғы марапат – Прицкер премиясына ие болды.

Көлемі 2,2 гектар, максималды биіктігі – 185 метр, ені – 120 метр.

Концерт залының сыйымдылығы 2500 адам, ал опера залы 1500 адамға есептелген. Сонымен қатар ғимаратта кинозал және мейрамхана бар.

2007 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының тізіміне енді.

1973 жылы салтанатты түрде Ұлыбритания патшайымы Елизавета II ашты.

 

Харбор көпірі

Сиднейдің басты көрікті жерлерінің бірі.

Харбор-Бридж көпірі әлемдегі ең үлкен металдан жасалған арка. Оны халық арасында «Ілгіш» деп атап кеткен.

Көпір қаланың іскерлік орталық бөлігін Порт-Джексон шығанағын кесіп Солтүстік жағалаумен біріктіреді.

Бұл көпірде жаяу жүргіншілерге, велосипедисттерге, автокөліктерге арналған жолдар бар.

1932 жылы салынған. Осы көпірді салу үшін 1500 жұмысшы 8 жыл еңбек еткен.

Көпірдің жалпы ұзындығы – 1149 метр, биіктігі — 134 метр.

 

Сидней мұнарасы

Сиднейдегі ең биік ғимарат.

Биіктігі – 305 метр.

Қаланың орталық бизнес ауданында орналасқан.

Мұнараның жобасы 1970 жылы жасалынып, ал 1975 жылы оның құрылысы басталды.

Сидней мұнарасында басты үш секция бар. Біріншісі – 250 метр биіктікте орналасқан жабық көру алаңы.

Бұдан 18 метр биік Skywalk platform атты едені әйнектен жасалынған ашық алаң орын тепкен.

Басты көру алаңының астында мейрамхана бар.

 

Сидней аквариумы

Мекендеушілерінің сан-алуандығымен әлемге танымал.

Негізгі мекені су болып келетін, австралиялық флора мен фаунаның 650-ден астам түрі бар.

Аквариум 1988 жылы Австралияның 200 жылдығына орай ашылған.

Аквариумда кейбір мекендеушілері басты залда, ал басқалары ашық окаенариумдарға орналастырылған. «Ашық мұхит» окаенариумында әлемдегі ең үлкен акулалар топтамасы ұсынылған. Кейбір акулалардың салмағы 300 кг болса, ұзындығы 3 метрден астам.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар