Өлең, жыр, ақындар

Астанада мұғалімдер мен тәрбиешілер тапшы

Астанада мектепке дейінгі білім беретін мекемелердің тәрбиешілері, орыс тілді бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық түзету мамандары жеткіліксіз. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлайды.

«Еуразия гуманитарлық институты (ЕАГИ) негізінде педагог мамандарды қайта даярлау үшін «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» тобы (25 адам) ашық. Бұдан бөлек, ЕАГИ, Астана қаласы гуманитарлық колледжінде және Менеджмент және бизнес колледжінде жыл сайын «балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығы бойынша техникалық кәсіби және орта білімнен кейінгі білім беру мамандарын даярлау үшін жыл сайын мемлекеттік білім беру тапсырысы жарияланады: 2013 жылы 150 адам, 2014 - 175, 2015 - 265, 2016 жылы 265 білім алушы», - дейді басқармада.  

Сонымен қатар, астаналық ведомство үздік мұғалімдердің жеке мектептерге ауысып жатқаны жайлы түсініктеме жасады. «Үздік мұғалімдердің білім беретін жеке ұйымдарға ауысуы байқалмауда. Білім беретін жеке ұйымдардың еңбекақысы жоғары болуына қарамастан, мемлекеттік ұйымдардағы жұмыс - бұл тұрақтылықты білдіреді (еңбекке жарамсыздық парағының төленуі, денсаулығының қалпына келуіне ақы төлеу, толығымен төленетін демалыс, кәсіподақтың қорғауы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, біліктілікті арттыратын курстарға тегін қатысуы). Педагог мамандардың ауысуы негізінен жаңа мектептердің ашылуына, сондай-ақ басқа ауданнан пәтер алуына байланысты орын алады. Кадрлардың тұрақсыздығы көбіне тәрбиешілер мен көмекші тәрбиешілердің еңбекақыларының төмендігіне байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда орын алуда», - дейді ол. 

Айта кетейік, мемлекеттік білім беретін ұйымдарда жұмыс жасайтын барлық қызметшілердің еңбекақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 31 желтоқсанда қабылданған №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысымен белгіленеді.

Аталмыш қаулы негізінде мұғалімнің орташа еңбекақысы 75 385 теңгені (жалақыға қосымша төлемді есепке алмағанда: санаты, сыныпқа жетекшілік етуі, дәптер, жазбаша жұмыс тексеруі және тағы басқа). Бұрында Астана қалалық білім басқармасы елордадағы оқушылар орнының жетіспеу мәселелерінің шешілуі, сонымен қатар бас қаламыздағы үздік мектептер жайлы айтқан болатын. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Макен

Ең төменгі айлық тәрбиешілердікі,неге көтермейді?Жұмысы өте ауыр,жапкершілігі зор.

Еребұлан

Медведев айтқандай бизнеске кету керек)

асыл

Тапшы емес, алмайдыгой, мен синилм мугалим 2жыл болды кошип барганына астанага,жумыс таппай жур 2 бирдей диплом, жогары,бирак жок жумыс, отнем тауып берниздер

Айдын

Астана қалалық білім басқармасына хабарласыңыз

Назеркем

Өзімде осы оқу орындарының бірін бітіргенмін. Бірақ жалақымыз өте аз. Қолымызға 40-30 мың аламыз. Сондықтан көпшілігі мұғалімдік жұмысты жалғастырғысы келмейді

Гульшат

Саламатсызба мен актобе облысынан болам биыл бастауыш класс мугалимдикти битиргем жумс жох орын жох нестесем болат?

Ерқожа

Медведев бабамыз айтқандай, Гульшат ханым, бизнес жасаңыз, БИЗНЕС!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар