Өлең, жыр, ақындар

Ең ерекше тулар

Бүгінде әлемде әлемдік қауымдастық мойындаған 200-ден астам мемлекет бар. Олардың әрқайсысында өздеріне тиісті ерекше белгілері, соның ішінде елтаңбасы, әнұраны мен туы бар. Сонымен бірге көбінесе мұндай кенеп маталар бір нәрсені әлдеқайда айқын көрсетіп қана қоймай, сол елдің қызықты тарихын дәлме-дәл айтып тұрады. Тіпті, өнер туындысы ретінде қабылданатын тулар да бар. Міне осы түрлі-түстілердің ішінен біз ең айрықша мемлекеттік рәміздерді таңдап алдық.

Жүгіртпе ту. Мэн аралының рәмізі осындай болып табылады. Бұл аймақ Ирланд теңізінде Англия, Шотландия және Ирландия аралығында орналасқан. Арал Британ колоннасының мемлекеттік иелігінде. Ту тікбұрышты қызыл кенеп матадан жасалған, ортасында ұлттық белгі – трискелион орналасқан.

Жүгіріп келе жатқан бұл үш аяқ бір-бірімен біріктіріле отырып, жұлдыз тәрізді әлденені құрайды. Грек тілінен аударғанда бұл рәміз «үш аяқпен жүретін» дегенді білдіреді. Ол адамдар ойлап тапқан өте ежелгі рәміздердің бірі. Трискелионның суретін Италияның солтүстігіндегі тарихтан бұрынғы үңгірлерден, сонымен қатар грек сауыттары мен VI-VIII ғасырлардағы тиындардан тапқан. Бұл белгі Норвегия мен Сицилияда да кездеседі.

Мэн аралын мекендеушілер трискелионның оларға скандинавия елінен келгендігін айтады. Қалай болғанда да, ол ХІІІ ғасырдан бастап аралдың ұлттық рәмізі болып табылады. Ал жергілікті трискелионның мәнін ұлттық ұран бәрінен де жақсы түсіндіреді: «Қай жаққа лақтырсаң да, ол тік тұратын болады». Басқа сөзбен айтқанда, дөңгелене жүгірген аяқтар дамуды, тұрақтылықты және қозғалысты білдіреді. Бұл аралдың туы әлемдегі ең ескі тулардың бірі болып саналады. Соңғы рет ол ХІІІ ғасырдың соңында ауыстырылған екен. Оны ресми түрде 1971 жылдың 27 тамызында бекіткен.

Ең гуманистік ту. Швейцария туы тік бұрышты болып келмейтін әлемдегі мемлекеттердің арасындағы екінші ту болып табылады. Бұл рәміз қызыл шаршы түрінде, ортасына ақ түстіайқыш төтесінен бейнеленген. Сонымен бірге айқыштың ұштары қызыл матаның жиектеріне дейін жетпейді. Ту ресми түрде ХІХ жүзжылдықта ұлттық рәміз ретінде бекітілген.

Швейцария туы Швиц кантонының елтаңбасынан шыққан. Ол 1291 жылы Швейцария конфедерациясын құрған осындай үш бірлестіктің бірі болды. Осындай бейнедегі ту алғаш 1339 жылы Лаупене маңындағы шайқас кезінде жарыққа шықты. Тек ол кезде айқыштар әлдеқайда жіңішкелеу, матаның жиектеріне дейін созылған болатын.

Швейцария туының түсі Қасиетті Рим империясы кезеңінен бері өзгермегендігін айта кету керек, ал пішіні жетілдіріле түскен. Конфедерация кезеңінде ту үшбұрышты болды, кейіннен ол қызыл фондағы бірдей бес шаршыдан құралған ақ түсті айқышқа өзгерді. Сосын тек 1889 жылы ғана ту өзінің қазіргі түріне енді.

Дәл осы Швейцария туын ең гуманистік ту деп айтуға болады. Өйткені оның алдыңғы шаршылардан құралған айқышы бар түрі Қызыл Крестің танымал белгісінің түп бейнесі болды. Тек түстерінің ғана орны ауыстырылды. Осындай қайырымдылық ұйымының негізін қалаушы, Швейцария азаматы Жан Анри Дюнанға осылайша лайықты құрмет көрсетілген.

Мұхитқа бөленген ту. Мариана аралында Гуам мемлекеті орналасқан. Оның туы көк кенеп матадан жасалып, жиегі қызыл жиектемемен көмкерілген. Көк түс, түсінгеніміз бойынша, аралды барлық жағынан қоршап жатқан Тынық мұхитты білдіреді. Ал қызыл жиектеме – Испания мен Жапония басқыншылығы кезінде төгілген тұрғындардың қаны. Алғашында тудың қызыл жиектемесіз нұсқасы бекітілген, бұл 1917 жылы 4 шілдеде болған. Ал 1948 жылы бұл мемлекеттік рәміздің қазіргі нұсқасы жарық көрді.

Тудың ортасына Гуам мемлекетінің елтаңбасы орналастырылды. Пішіні бойынша ол, жергілікті тұрғындар соғыс кезінде және аңшылыққа пайдаланған алғашқы базальтты қаруды еске түсіреді. Созылыңқы сопақшаның ортасында Гуамның астанасы Хагатны қаласының мүйісі бейнеленген. Онда Самоа мен Полинезия халықтары арасындағы өте танымал проа қайығы жүзіп жүр. Сондай-ақ тудың ортасынан кокос пальмасы өскен жағалауды, жергілікті өзенді және жартасты көруге болады. Сол жерде мемлекеттің атауы – GUAM қызыл әріптермен жазылған.

Кішігірім елтаңба өте символикалық түрде шыққанын айта кету қажет. Мысалы, проа қайығы аралдың байырғы тұрғылықты халқының батылдығын бейнелейді. Бір кездері онда аборигендер Тынық мұхиттың шексіз айдынын емін-еркін батыл түрде шарлаған. Мұхитқа құятын өзен жергілікті тұрғындардың өз жерлерінің ресурстарын басқалармен де бөлісуге әзір екендігін көрсетеді. Жағалау дәл сол тұрғылықты халықтың өз отаны мен оның табиғатына деген адалдығын білдіреді.

Жартас – бұл тұрғындардың болашақ ұрпаққа өздерінің мәдениетін, тілі мен атамұраларын қалдыруға берген уәделері. Құнарсыз құмда өсіп тұрған кокос пальмасы, арал тұрғындарының, шыдамдылығы мен табандылығын білдіреді. Ағаш діңінің майысып тұруы Гуам халқының басынан өткеруге тура келген сынақтары туралы айтып тұр. Көкшіл түс аралдың аспанмен және жермен тығыз байланысының куәсі.

Стандартқа сай емес ту. Әдетте ұлттық тулар тікбұрышты пішінде болып келеді. Алайда, жалпыға бірдей қабылданған вексиллология (бұл ғылым тулар мен жалаушаларды зерттейді) қағидаларына бағынбайтын да ту бар. Бұл айрықша рәміз Непалға тиесілі. Ол бірінің үстіне бірі қойылған екі қызыл үшбұрыштан тұрады. Кенеп матаның жиегі толықтай көк түспен көмкерілген.

Түс таңдаулары толық ақталған – қызғылт-көк елдің ұлттық түсі болып саналады,  ал көк түс – бейбітшілікті білдіреді. Үстіңгі үшбұрышта ақ түсті ай орналастырылса, төменгісінде күн бейнеленген. Бұрындары бұл аспан шырақтары туда бет-бейнесімен бейнеленген болатын. Бұл жерде ай мен күннің бейнеленуі Непал мемлекеті де, ай мен күн тәрізді ұзақ өмір сүреді дегенді білдіреді.

Мұндай ту, Раналар әулетіне тиесілі екі жалаушаның қиыстырылуы болып табылады деген де сөз бар. Бұл отбасылардың өкілдері елді өте ертеде басқарған. Сонымен бірге тудың үшбұрышты пішінін Гималайдың белгісі ретінде де қабылдауға болады. Екі үшбұрыш елдегі екі ұлы діннің – буддизм мен индуизмнің бірлігі туралы да айтып тұруы мүмкін. Елдің айрықша туы 1962 жылы 16 желтоқсанда бекітілген.

Атбас талшын Огайо. Бұл ту мемлекеттік болмаса да, өзінің біртумалығы бойынша непальдық рәмізбен оңай сайысқа түсе алады. Америкалық Огайо штатының туы 1902 жылы 10 шілдеде бекітілген. Ол басқа штаттардың рәміздерінің арасында, пішінінің классикалық тікбұрышты еместігімен ерекшеленеді. Бұл туды сипаттау қиынға түседі. Үстіңгі және астыңғы жиектері сабынан бастап ұшына қарай биіктігі бойынша кішірейе береді, тудың ұшында, тіптен, сүйір бұрышталған ойығы бар.

Бірақ, бейнелемесі толықтай түсінікті. Үлкен көк түсті үшбұрыш штаттың таулары мен аңғарлары жайында айтып тұрса, жолақтар – бұл жолдар мен өзендер, және де Солтүстік-батыс аумағының, ішіне Огайо да кіретін бес штатын білдіреді. 17 жұлдыз штаттың, одаққа кірген 17-нші қатысушы болғандығы жөнінде айтып тұр. Үшбұрыштың ортасында ішінде қызыл домалағы бар ақ шеңбер бар, ол жалаушаға «атбас талшын» деген атау береді. Шындығында бұл штат атауының бірінші  әрпінің символикалық түрде бейнелеуі.

Ең өсімдікті ту. Өздігінен басқарылатын Норфолк аумағы Тынық мұхитта Австралиядан шығысқа қарай орналасқан. Бұл кішігірім мемлекеттің туы канаданың туына қатты ұқсайды. Бұл тудың жиектерінде де ашық түсті жиектеме, ал ортасында – ақ жолақ бар. Дәл сол жолақта елдің басты белгісі орналасқан. Канаданың туында үйеңкі жапырағы бейнеленсе, Норфолк туында бүтіндей ағашқа орын берілген. Мұнда, тек осы аралда өсетін жергілікті қарағай суреттелген. Тудың екі жағындағы жасыл түсті жолақтар жергілікті бай флораға арналған.

Бұл рәміздің қазіргі қалпында бекітілгеніне де тіптен көп уақыт өте қоймаған, ол 1980 ж. бекітілген. Ал оны алдыңғы өткен ғасырда құрастырған еді. Сонымен бірге тудағы жарастық тапқан жасыл шөп аралдың тарихымен де үйлесімділік табады. Норфолкты 1774 жылы атақты капитан Джеймс Кук ашқан. Аралға ұзақ жылдар бойы Англия мен Австралиядан қылмыскерлер жер аударылды. Нәтижесінде бұл жер үлкен бір колоннияға айналып, ол тіптен 1854 жылға дейін өмір сүрді. Сол кездерде түрме жабылды да, Норфолкқа жақын жердегі аралдардан толықтай бейбіт тұрғындар әкелінді.

Ең жыланды ту. Кіші Антиль аралдарының құрамына кіретін Мартиника аралының өзінің ресми туы бар. Атауы француз триколоры болып табылады, еуропалық республиканың теңіздің арғы жағындағы департаменті болуы есебінен, бұл таңғаларлық жайт емес. Ал Мартиниканың қазіргі уақытта ресми емес мәртебесі бар тарихи туы, әлдеқайда өзгешелеу. Оны 1766 жылы 4 тамызда қабылдаған.

Ту сол кездегі Францияның теңіз жалаушасы болып табылады – көк түсті фондағы ақ түсті айқыш. Жолақтарға төрт L әрпі орналастырылған, олар бұл нұсқада жергілікті сылдырмақты жыландар стилінде бейнеленген. Бұл бауырымен жорғалаушылар туда кездейсоқ бейнеленбегендігін айта кеткен жөн – аралда сылдырмақты жыландар шынымен де өте көп. Бұған қоса, жергілікті аңыздарға сүйенсек, Мартиникаға жыландарды қоныс аударушы-плантация иегерлері әкелген деседі.

Ең қанық ту. Бұл тарихи ту да Францияға тәуелді аумаққа тиесілі. Сөз Атлант мұхитында орналасқан Сен-Пьер және Микелон аралдары туралы болып отыр. Ту, шын мәнінде, геральдикалық елтаңба болып табылады. Кемесі бар негізгі бөлігі мұхитты және қайық алғаш ашушы Жак Карьтьені білдіреді.

Сабы жағындағы бөлігінде үш танымбелгі орналасқан. Олар осы жерлердің алғашқы қоныс аударушылары -  баскілер, бретаньдықтар мен нормандар жайында еске салады. Сәйкесінше байрақта Баскілер мемлекетініңтуы икурринья, Бретань туының бір бөлігі «ақкіс терісі» және Нормандия рәмізі қызыл фондағы екі қабылан бейнеленген.

Ең халықаралық ту. Алғашында, әлдекім жәй әзілдеп, Ұлыбритания мен ЕО туларын америкалық тип бойынша композиция түрінде қоса салғандай болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде бұл Кука аралдары мемлекеттік құрылымының шынайы туы. Бұл жерлер Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінде жатыр. Аралдар ағылшын теңіз саяхатшысының құрметіне аталса да, ол бұл аралдарды алғашқы ашушы емес, ол бұл аралдарды Херви аралдары деп атаған. Ал мұхиттағы бұл құрғақ тілім жерлерді испандықтар тапқан.

Өзінің қазіргі атауына аралдар орыс теңіз саяхатшысы Иван Крузенштерннің арқасында ие болған. Туға қарасаңыз, аралдар бұрындары отарлықты бастан өткергендігі айқын байқалады. Британдық көк түсті теңіз туы Жаңа Зеландиямен байланысы жөнінде айтып тұр. Кука аралдары онымен еркін қауымдастыққа кіреді. Жұлдыздар Құдайға деген сенімнің, сонымен қатар тұрғындардың тарихтардан бастап келе жатқан күшінің белгісі. 15 жұлдыз – бұл топаралдың 15 аралы. Оларды бір шеңберге біріктіру жергілікті халықтардың күші мен бірлігін бейнелейді.

Жатғаламшарлық ту. Егер барлық ресми емес тулар бәрібір де нақты біреуді таныстыратын болса, онда бұл ту жердегі қандай да бір аумаққа бекітілмеген. Адамзат баласының Марс ғаламшарына қашан аяқ басатыны әлі белгісіз. Алайда, дәл сол сәтте оның қолында жаңа ғаламшарға арналған жер тұрғындары арнайы әзірлеген айрықша тудың болуы әбден мүмкін.

Бұл жинақы триколордың қандай да бір ресми мәртебесі жоқ және де әзірге болмауы да мүмкін. Өйткені әзірге халықаралық заңнама аспан денелерін меншіктеуге рұқсат бермейді, яғни оларға әзірге тудың да қажеті жоқ. Есесіне бұл туды Қызыл ғаламшарды игеру жөніндегі коммерциялық емес ұйым бекітіп қойған. Кім біледі, мүмкін дәл осы Марсиан қауымдастығының елшісі ол жерге алғаш болып аяқ басатын шығар?

Бұл ресми емес ту ғаламшардың болашағын білдіреді. Қызыл түс – бұл Марстың өзі, қазір қандай болса, тура сондай. Жасыл мен көк түс – бұл адамзаттың ғаламшарды игеру мүмкіндігінің кезеңдері, егер де оған біздің күшіміз бен төзімділігіміз жетсе. Тудың мұндай түстері мен олардың мәні америкалық фантаст Ким Стэнли Робинсонның атақты «Қызыл Марс», «Жасыл Марс», «Көк Марс» трилогиясымен тікелей байланысты екенін айта кету қажет. Тудың мәртебесі ресми емес болса да, ол толықтай ресми мекемелерде жетілдірілу үстінде.

Марс туын Девон канадалық аралындағы Флэшин марстық арктикалық зерттеу станциясынан және Юта штатындағы Марстық Шөл далалық ғылыми-зерттеу станциясы қалашығының кейбір нысандарынанкөруге болады. 1999 жылы ту ғарышта болып келді, америкалық «шаттлдардың» біреуімен бірге әзірге тек жер айналасындағы орбитада.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Умиджан

Керемет

Гаухар

Japonia

Аружан

Бәрі жақсы

Аружан

Есімім жайлы пікір

Марат О

Әлемдегі ең ерекше, ең әдемі ту ол біздің туымыз ҚР ның туы!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар