Шымкент аграрлық колледжінің
КТК9-141 тобының студенті: Арғынбай Ұлжан
Ғылыми жетекшісі: Тағаев Сапарбай Дуйсеханович
Қоғамдық өндірістің құрылымы
Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.
1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.
2. Бөлу - әрбір адамныңөндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамының және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады.
Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.
Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.
Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады. Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер. Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы. Экономикада ақпарат экономикалық процестерді талдап, дұрыс болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Барлық экономикалық ресурстарға бір ғана қасиет тән-ол шектелгендік. Адамдардың қажеттілігі шексіз, әрі үнемі өсіп отырады, ал ресурстар шектелген. Барлық қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға қоғамның мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қоғам алдында тұрған проблема не өндіру керек, қалай өндіру керек, қандай көлемде өндіру керек.
Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:
- жер беті ретінде
- экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде
Оның негізгі ерекшелігі оны көбейтуге және тасымалдауға болмайды. Олардың пайдалану мүмкіндіктері:
Өндеу |
Қазба түрінде |
Орналасқан орын |
- Ауыл шаруашылығы; - Орман шаруашылығы. |
- Жер асты байлықтарын пайдалану, |
- тұрғын үй құрлысы, |
Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.
2. Капитал:
- Өндіріс факторы ретінде жәнеқаржы ретінде пайдалануға болады.
- Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).
Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.
3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:
- адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.
- өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары.
Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай:
- көп дайындықты қажет ететін еңбек,
- көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,
- ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбек деп бөлінеді.
Еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастырғанда жұмыс күшін немесе адамның еңбек етуге қабілетін қарастырады. Бұл факторды елдегі еңбекке қабілеті бар және жұмыссыз халықтың үлесі арқылы сипаттауға болады. Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы, білім дәрежесі,еңбек мотивациясы өте маңызды рөл атқарады.
4. Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс факторына кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекше түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.
1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы керек.
2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.
3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.
4). Тәуекелшіл болуы тиіс.
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.
2 кесте.
Қоғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс |
Материалдық емес өндіріс |
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. |
Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары. |
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.
2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
Тиімділік проблемасы экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды мейілінше дұрыс пайдалануы жолдарын зерттейді.
Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше.
Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді:
- тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды;
- фирмалар - пайданы максималдауды;
- мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін сипаттайды.
Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Мысалы экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Х және У А - барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған |
|
2 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы. |
|
Альтернативті шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен тауар өндіру қажеттігі. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды.
Әдебиеттер
1. Б.Қ.Жакенова,Менеджмент негіздері.Астана.:Фолиант,2007ж. 15-19 беттер.
2. С.Тойкин.Маркетинг негіздері.Астана:Фолиант,2008ж
3. Интернет мәліметтері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі