Енді мектепте ата-аналар да ағылшын тілін оқиды

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Енді мектепте ата-аналар да ағылшын тілін оқиды

Енді мектепте ата-аналар да ағылшын тілін оқиды — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Енді мектепте ата-аналар да ағылшын тілін оқиды бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Өскемен қаласының мектептерінде ағылшын тілін білмейтін ата-аналарға тіл үйрету курстары ашылды. Алғаш рет қолға алынған шара арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында жазды, деп Baq.kz хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, ата-аналардың 56 пайызы үй жұмысын орындау кезінде баласына көмек көрсете алмайды екен. Осыдан кейін ұстаздар тарапынан түскен ұсынысты көбі қолдаған.

Сабақ тегін, аптасына екі рет жүргізіледі. Кешкі алтыда баласын мектептен алып кетуге келген ата-ана бір сағат уақыттарын осы жерде өткізбек. Тәжірибелі шетелдік ұстаздар дәріс оқып, сабақ үйретеді.

«Басқа пәндерден көмектесіп отырамын. Ал ағылшын тілін мектеп мұғалімдерінің арқасында оқып жатыр. Өзім үйрете алмаймын. Осы тілді меңгеріп, баламмен ағылшынша қарым-қатынас жасағым келеді. Күнделікті қызметіме орай арнайы оқытатын оқу орнына баруға жағдайым жоқ. Сондықтан осы бастаманы қолдап, келіп отырмын», - дейді Гүлмира Шәріпханова.

Мектеп директоры Селман Шимшектің пікірінше, бала күндіз мектепте үйренген нәрсесін үйде де жалғастыруы керек. Ата-анасы тілді білсе, білім деңгейін бірден көтеруге болады.

«Бір жағынан, ата-аналар оқушылардың жағдайын жақсы түсінеді», - дейді ол.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Жазира

Бәріміз жиналып енді ағылшын тілін оқиық)))))

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Енді мектепте ата-аналар да ағылшын тілін оқиды туралы не білуге болады?

Бұл бетте Енді мектепте ата-аналар да ағылшын тілін оқиды тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Білім, ғылым, мәдениет бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар мектеп тақырыбындағы материалдар ата-аналар тақырыбындағы материалдар ағылшын тілі тақырыбындағы материалдар ҚР Білім және ғылым министрлігі тақырыбындағы материалдар